Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
472 материал табылды

Әлем • 14 Ақпан, 2025

Африканы ауызсумен жарылқады

Семейлік жастар ерледі. Белсенділер ауызсуға мұқтаж Африка халқына құдық қазып берді. Қазақстан тарапынан жасалған сый Камерун мемлекетіндегі Мазаки елді мекенінде орналасқан. Игі іске ұйытқы болған «Жастар Семей» қоғамдық қоры «Даймохк» қайырымдылық қорымен байланыс орнатқан. Нәтижесінде, құдық қазу үшін екіжақты келісім жасалыпты.

Жоба • 14 Ақпан, 2025

Кәсіпке баулитын жоба

Астанада «екі қолға – бір күрек» таппай жүрген қала тұрғындарының жұмыс тауып, қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін «Joltap» жобасы биыл да жалғасады. Әлеуметтік жоба аясында күні бүгінге дейін 9 мыңнан аса астаналық біліктілігін арттырып, еңбекке араласты.

Үкімет • 13 Ақпан, 2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі құжат қабылданды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады. Сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум мен оған хаттар алмасу нысанындағы келісімді қарады.

Қылмыс • 13 Ақпан, 2025

Алаяқтар айылын жияр емес

Елордада зейнеткерлер «Happy life kz» қаржылық пирамидасына алданды. 2016 жылдан бері биологиялық белсенді қоспаларды сатамын деген желеумен салымшыларды тартқан пысықайлар тұрғындарға әр жаңа қатысушы үшін сыйақы береміз деп уәде еткен. Абырой болғанда Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті олардың бұл әрекетін тоқтатты.

Жоба • 07 Ақпан, 2025

Атаулы жылға арналған елдік жобалар

Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиында еліміздің медиа кеңістігіндегі былтырғы нәтижелер, мемлекеттік орган құрылымындағы салалар бо­йынша қорытынды есеп тыңдалды. Сондай-ақ күн тәртібіндегі өзекті проблемалар талқыланып, биылғы мақсат-міндеттер айқындалды. Басқосуға Парламент депутаттары, зиялы қауым, ҚХА, ҮЕҰ, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғам • 06 Ақпан, 2025

400-ден аса іс-шара жоспарланған

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтеді. Осыған орай елордадағы Достық үйінде іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар пысықталды. Сонымен еліміздің түкпір-түкпірінде 400-ден аса танымдық, әдеби-мәдени іс-шара түндігін түреді.

Заң мен Тәртіп • 06 Ақпан, 2025

Құқықтық сауат – қорғаның!

«Заң мен тәртіп» қағидатын жүйелі жүзеге асырып, қауіпсіз қоғам құру – алдымен құқық қорғау органдарына қойылған міндет. Жақында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өткен жылдың қорытынды есебін жариялады. Онда Астана мен Алматы қаласында қылмыс деңгейі артқаны айтылған.

Қоғам • 04 Ақпан, 2025

Пәтер жалдаудың түйткілдері

Өз үйіне қолы жетпей, тірнектеп тапқан табысын пәтер жалдауға зорға жеткізетін отбасылар көбейіп барады. Қазір жер сатып алып, үй тұрғызу да оңай шаруа болмай тұр. Кейінгі деректерді аңғарсақ, елде 1,3 миллион жас баспанасыз жүр.

Жастар • 04 Ақпан, 2025

«Bir tolqynda» алаңындағы кездесу

«Жастар рухы» белсенділері жұмысшы мамандықтарын кеңінен насихаттап жүр. Олар республиканың әр өңірінде жастардың басын қосып, «Bir tolqynda» диалогтық алаңдары аясында кездесулер ұйымдастырып жатыр. Мақсат – азаматтарды өндірістік және әлеуметтік салаға тарту.

Қоғам • 01 Ақпан, 2025

Мемлекеттік қызметке қатысты заңнама қайта қаралады

Былтыр мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, тиімді HR-құралдарын енгізу, мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін нығайтуды көздейтін арнайы тұжырымдама бекітілді. Оған сәйкес «Мемлекеттік қызмет туралы» құжатқа 7 заңмен өзгерістер енгізіліп, 26 нормативтік-құқықтық акті қабылданған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2024 жылғы қорытынды есебі тыңдалған алқа отырысында айтылды.