Айбын • 08 Тамыз, 2024
Әскери теңізшілер және қауіпсіздік қағидаты
Әскери теңізшілер Қонаев қаласында нысандарды минадан тазартты. Әскери-теңіз күштері бөлімшелерінің оқыту сабақтары Қапшағай су қоймасының жағалау учаскесінде, 20030 әскери бөлімінің аумағында өтті.
Саясат • 08 Тамыз, 2024
Қала аудандарының жұмыс барысы
Сенат депутаты Андрей Лукин елордадағы Байқоңыр және Нұра аудандарының дамуы мен әлеуметтік мәселелерін талқылады.
Қоғам • 06 Тамыз, 2024
Этномедиация – татулық пен келісім құралы
Республикалық этномедиация кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында жүктеген міндеттері арқау болды. Қатысушылар елдегі этнос өкілдерін ұйыстырып, бірлікті бекемдей түсудегі ұлттық құндылықтарды дәріптеу, этномедиация институтын дамыту тапсырмасының орындалу барысын талқылады.
Саясат • 03 Тамыз, 2024
Орталық Азиядағы өңірлік интеграцияны нығайту әлеуеті
Қазақстан-Өзбекстан сарапшылары басқосып, екіжақты ынтымақтастық пен аймақтық интеграцияның өзекті мәселелерін талқылады. Кеңес отырысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға сапары және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 6-шы Консультативтік кездесуі қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
Қоғам • 02 Тамыз, 2024
Жыл басынан бері 250 азамат құтқарылды
Биыл су айдындарында қауіпсіздік ережесін сақтамағандар саны сегіз есе көбейген. Ескертпелерді елемейтіндер Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Көлік министрлігінің бірлесе рейд, патрульдеу жүргізуі барысында анықталды. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша жауапқа тартылып, айыппұл арқалады.
Айбын • 02 Тамыз, 2024
Ақтауда «Бірлестік – 2024» жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытынды жиыны өтті. Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Серік Борамбаевтың төрағалығымен ұйымдастырылған отырыста жауынгерлік дайындық нәтижелері талданды.
Саясат • 01 Тамыз, 2024
Ынтымақтастықты нығайтатын басқосу
Ташкент қаласындағы Орталық Азия халықаралық институтының базасында Орталық Азия мен Корея Республикасының талдау орталықтарының бірінші форумы өтті. Оған елімізден Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері қатысты.
Құқық • 01 Тамыз, 2024
Табысын жасырған борышкерлер жазаланады
Астана прокуратурасы электрондық әмияндарда 350 млн теңгеден астам сомаға өз ақшаларын жасырған 170 борышкерді анықтады. Алимент төлеуден жалтару фактілері Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 30 сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіп, 45 млн теңгеге берешек өтелді.
Саясат • 30 Шілде, 2024
Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закариямен кездесті. Жүздесу барысында еліміздің ғылым саласын дамыту, ғылым мен инновация жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, ғылым қызметкерлерін қолдау және ынталандыру шаралары, кадр даярлау секілді бірқатар өзекті мәселе талқыланды.
Жастар • 26 Шілде, 2024
Ел жастарының қырғыз еліне көмегі
Еріктілік шекарамен шектелмейді. «Жастар рухы» белсенділері мен «Biz Birgemiz» қоры Қырғызстандағы алапат селден зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жіберді. 40 тонналық жүк Алматыдан Ош қаласына жедел жеткізілді.