
Заң мен Тәртіп • 07 Тамыз, 2025
Бүгінде еліміздің шалғайдағы елді мекенінде 1500 «Құқық кабинеті» ашылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асырылған бастама жергілікті тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруды көздейді. Осыған орай елімізде осы бағытта тағы қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын шолып шыққан едік.
Есірткі • 07 Тамыз, 2025
Есірткі саудалаған 6 мыңнан аса сайт бұғатталды
Жыл басынан бері Бас прокуратура құқық қорғау органдарымен бірге құны 2,3 млрд теңгеден асатын 98 мыңнан аса есірткі шотын бұғаттады. Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіретін 21 зертхана, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 125 фактісі анықталып, жойылған.
Елорда • 06 Тамыз, 2025
Астана базарларына тексеріс жүргізілді
Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық рейдтер жалғасып жатыр. Кезекті тексеріс «Әлем» және «Аймақтау» базарларында өтті. Онда Астана қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Төтенше жағдайлар департаменті мен салық қызметінің өкілдері сауда саласындағы құқықтық тәртіп пен заңнаманың сақталуын бақылады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 06 Тамыз, 2025
Ірі жобаларды жүзеге асыруға ниетті
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Вьетнамның «ROX Group» компаниясының жаһандық даму және инвестициялар жөніндегі директоры Ле Ан Дыкпен кездесу өткізді. Тараптар еліміздегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Қылмыс • 05 Тамыз, 2025
Кибералаяқтық дерегі 14 мыңнан асты
Биыл елімізде 14 мыңнан аса интернет-алаяқтық тіркелді. Көрсеткішті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға көп. Қайтпек керек?
Экономика • 05 Тамыз, 2025
Болат құбырлар шығаратын зауыттың құрылысы талқыланды
Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Tianjin Youfa Group» компаниясы бас директорының орынбасары Ли Сяндунмен және «Hong Kong Friend International Cooperation» компаниясы бас директорының орынбасары Сан Вэнксумен кездесті. Жиында болат құбырлар өндірісі бойынша инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндіктері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Тамыз, 2025
Медиация - құқықтық жүйенің маңызды элементі
Бүгін – қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жүрген медиаторлардың кәсіби мерекесі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 05 Тамыз, 2025
Қырғыз тарапының шақыруымен Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бішкекке ресми сапармен барды. Сапар аясында М.Нұртілеу Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың қабылдауында болды.
Халық • 31 Шілде, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігі азаматтық келісімді нығайту және этносаралық қатынастарды дамыту бағытындағы жұмысты жалғастырып келеді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 95%-дан аса респондент елдегі этносаралық қарым-қатынасты тұрақты әрі қолайлы деп сипаттаған.
Қоғам • 31 Шілде, 2025
«Достық» фестивалі: Бірлігіміз – әралуандықта
Өзбекстанның Ташкент қаласында «Достық» фестивалі өтіп жатыр. Ауқымды іс-шараға Өзбекстан Республикасы Ұлтаралық қатынастар және шетелдік елдермен достық байланыстар комитеті басшылығы, шетел мемлекеттерінің елшілері, ұлттық-мәдени орталықтардың белсенділері, сондай-ақ елімізден «Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері қатысты.