Зейін ЕРҒАЛИ
Зейін ЕРҒАЛИ«Egemen Qazaqstan»
201 материал табылды

Жастар • Бүгін, 09:20

Жастардың жаңашыл бастамалары

Жастар ресурстық орталықтарының (ЖРО) жетекшілеріне арналған оқы­ту­дың екінші легі басталды. Елі­міздің әр түкпірінен келген азаматтар елордада 22 тамызға дейін семинар-тренингке қатысады. Бұл кәсіби даму академиясы – Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті мен «Жастар» ғы­лыми-зерттеу орталығының бірлес­кен кешенді бағдарламасы.

Саясат • Кеше

Тең мүмкіндіктерге бастар жол

Өзбекстанның Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаева Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелерімен кездесті. Басқосуда Қазақстан мен Өзбекстандағы гендерлік теңдік, әйелдердің саяси және экономикалық белсенділігі, кәсіпкерлігі, заңнамалық реформалар мен екі ел арасындағы ынтымақтастық тақырыбындағы мәселелер көтерілді.

Сұхбат • Кеше

Ербол Жолданғар: Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімі мен үміті

Жаңғырған мемлекеттік қызмет ел дамуының басты тірегі болуға тиіс. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік қызметті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Жалпы, кәсіби мемлекеттік аппарат құру жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр? Саладағы осы және өзге де жұмыстардың барысы туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ербол Жолданғардан сұрап-білген едік.

Саясат • 19 Тамыз, 2025

Сөзден от тұтанбасын десек...

Жаһандағы жайсыздықтар сыртқы идеологиялық ықпалдың әсерін күшейте түсті. Бұл әдетте жасырын түрде немесе «жұмсақ күш» (soft power) арқылы жүреді. Сондықтан әлемдегі геосаяси күрделі кезеңде елдегі ырыс-ынтымақ ыдырамас үшін бірлігімізді бекемдей түсу маңызды. Осы ретте тұрақтылықты сақтауда, қоғамдық келісімді орнықтыруда БАҚ өкілдері этносаралық сала мәселелері төңірегінде са­уатты ақпарат таратуы қажет.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2025

Өмір сапасын арттыру – басты міндет

Қостанай облысының Николаевка ауылында жылдар бойы ауызсу мәселесі шешілмей келеді. Енді елді мекенде орталықтандырылған су жүйесі іске қосылып, ауыл тұрғындары таза ауызсумен қамтылады. «Amanat» партия­сының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жоба құрылысы осы жылдың қараша айында аяқталады. Мұндағы жұмыс барысымен Мәжіліс төрағасының орынбасары Альберт Рау мен депутат Еркін Әбіл танысты.

Аймақтар • 16 Тамыз, 2025

Жұртшылық аманаты назарға алынады

Шымкент қаласына сапармен барған Мәжіліс депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы аймақтағы құрылыс барысымен таныс­ты.

Айбын • 16 Тамыз, 2025

Шекара қорғаны

Бес бірдей мемлекетпен шектесетін еліміз бүгінде тыныштық пен тұрақтылықтың ерекше үлгісін көрсетіп келеді. Өйткені ұзындығы 15 мың шақырымнан асатын ел іргесін антына адал, рухы биік әскерилер күндіз-түні асқан қырағылықпен күзетеді. Әрі қазір ұлан-ғайыр атыраптың тұтастығын, ұлттық қауіпсіздікті сақтауда заманауи әдістер қолданылады.

Қоғам • 15 Тамыз, 2025

Депутаттар маңызды нысандарды аралады

Депутаттар өңірдегі бірқатар нысандарды аралап, инфрақұрылымның дамуы және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесіп, мұң-мұқтажына құлақ түріп, түйткілді мәселелерін бірлесе талқылады.

Заң мен Тәртіп • 15 Тамыз, 2025

Цифрлық дәуірдің сынағы

Елімізде кейінгі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі төмендеді. Сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелердегі тәртіп жақсарып келеді. Алайда интернет алаяқтық пен есірткі қылмысы елдің есін алып, алаңдатып тұр. Бұл туралы прокуратура органдарының алғашқы жеті айдағы есебінде айтылды.

Инвестиция • 14 Тамыз, 2025

Инвестициялық ынтымақтастық

Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов «Dan Capital» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, «ValueLBH Fund» қорының басқарушы директоры және серіктесі Шимон Бен Хамомен кездесті. Тараптар еліміз үшін басым экономикалық секторларда инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру келешегін егжей-тегжейлі талқылады.