Спорт • Кеше

Шорт-трек пен конькимен жүгіруден Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

1 мин
оқу үшін

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Қазақстан командасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Шорт-трек пен конькимен жүгіруден Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Шорт-тректен ересектер құрамасын енді Азамат Салықұлы Сұлтанәлиев жаттықтырады. Осыған дейін бас бапкер қызметін Пётр Гамидов атқарған болатын. Оның кезінде Қазақстан екі әлем чемпионатынан күміс медаль еншілеген.

Көк мұздағы жылдамдық: Жастар шорт-трекке неге қызыға бастады?

Ал конькимен жүгіруден команда тізгінін Александр Александрович Жигин ұстады. Оған дейін бұл қызметті Александр Панфилов атқарған еді.

Екі маман осыған дейін түрлі жас санатындағы Қазақстан командасында жұмыс істеген. Алдағы уақытта қысқы спорт түрлерінен Ұлттық құрама командалар 2026-2027 жылғы маусымға дайындықты бастайды.

Тарихи жетістік: Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс жеңіп алды

Соңғы жаңалықтар