Қоғам • Бүгін, 20:27

Астананың жаңа әуежайы қаладан 48 шақырым жерде орналасуы мүмкін

1 мин
оқу үшін

Мәслихат депутаттары елорданың Бас жоспарына енгізілген түзетулерді мақұлдады. Құжатта Астана – Көкшетау тасжолы бойындағы, Шортанды кенті маңындағы аумақ жаңа әуежай салуға ең қолайлы орын ретінде көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz

Астананың жаңа әуежайы қаладан 48 шақырым жерде орналасуы мүмкін

Фото: istockphoto.com

Алайда әзірге әуежай құрылысы басталады деген сөз емес. Қазір бұл аумақ болашақтағы жоба үшін ұзақ мерзімді резерв ретінде қарастырылып отыр. Яғни қала жаңа әуежай салуға қажетті жер телімін алдын ала белгілеп қоймақ.

Есептеулерге сәйкес, ұсынылған алаң Астана қаласының шекарасынан шамамен 48 шақырым қашықтықта орналасады. Егер арнайы аэроэкспресс іске қосылса, «Нұрлы жол» теміржол вокзалынан әуежайға дейінгі жол шамамен 75–80 минутқа созылуы мүмкін.

Астанада 2035 жылға дейін екінші әуежай салынады

Жол жүру уақыты мен күту уақытын қоса есептегенде, сапардың жалпы ұзақтығы екі, екі жарым сағатқа дейін жетуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар