Футбол • Бүгін, 16:47

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізеді

1 мин
оқу үшін

«Қайрат» футбол клубының түлегі, ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаев клуб сапында соңғы ойындарын өткізеді. Ол лондондық «Челси» командасына ауысар алдында «Атырау» мен «Қызылжарға» қарсы матчтарға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізеді

Қайрат клубы өз алаңында «Атырау» командасымен 13 маусым күні сағат 18:00-де, ал «Қызылжармен»17 маусым күні сағат 19:00-де кездеседі. Клубтың мәліметінше, 17 маусымдағы матчтан кейін Алматының Орталық стадионында Дастан Сәтпаевқа арналған қоштасу рәсімі өтеді.

«Он жыл бұрын Дастан «Қайрат» Академиясына арманымен, өзіне деген сеніммен, футболға деген сүйіспеншілігімен келген еді. Осы уақыт ішінде ол негізгі команданың көшбасшыларының біріне, клуб рекордсменіне, қазіргі құрамның ең нәтижелі ойыншысына, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды. Енді оның сары-қаралар сапындағы жолы өз мәресіне жақындады», делінген клуб хабарламасында.

Дастан Сәтпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

Еске сала кетейік, алдағы маусымда Дастан Сәтпаев өз мансабын лондондық «Челси» сапында жалғастырады. Жаңа маусымда Челси клубын Хаби Алонсо баптайды.

Соңғы жаңалықтар