Фото: sportilinet.kz
Сағат 22:00-де Эрлинг Холанд бастаған Норвегия құрамасы Кот-д'Ивуармен кездеседі. Скандинавиялықтар топтық кезеңде Иракты 4:1, Сенегалды 3:2 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын плей-оффқа шықты. Ал соңғы турда қосалқы құраммен ойнап, Франциядан 4:1 есебімен жеңілді.
Ал Кот-д'Ивуар тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды. Африкалықтар Эквадорды (1:0) және Кюрасаоны (2:0) жеңіп, Германияға 2:1 есебімен есе жіберді.
Жұп жеңімпазы 1/8 финалда Жапонияны жарыстан шығарған Бразилиямен кездеседі.
Ал 1 шілдеге қараған түні сағат 02:00-де топтық кезеңдегі үш матчтың барлығында жеңіске жеткен Франция құрамасы Швециямен ойнайды. Дидье Дешам шәкірттері Сенегалды (3:1), Иракты (3:0) және Норвегияны (4:1) ұтып, өз тобында бірінші орын алды.
Марокко Нидерландыны пенальти сериясында жеңіп, 1/8 финалға шықты
Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе төрт голмен турнирдің үздік сұрмергендері қатарында болса, Усман Дембеле де соңғы ойындарда төрт гол соғып, әріптесінің көрсеткішіне жетті.
Ал Швеция топта Нидерландтан жеңіліп (1:5), Тунисті (5:1) жеңіп, Жапониямен (1:1) тең ойнады. Осылайша Швеция плей-оффқа үшінші орынмен шықты.
Бұл кездесудің жеңімпазы 1/8 финалда Германияны пенальти сериясында сенсациялық түрде жеңген Парагвай құрамасымен кездеседі.
Сағат 06:00-де турнир қожайындарының бірі Мексика Эквадормен кездеседі. Хавьер Агирре баптайтын команда топтық кезеңде Оңтүстік Африканы (2:0), Кореяны (1:0) және Чехияны (3:0) жеңіп, тоғыз ұпаймен плей-оффқа өтті. Сонымен қатар мексикалықтар топтық кезеңде бірде-бір гол жіберген жоқ.
Эквадор болса соңғы турда Германияны 2:1 есебімен жеңіп, күтпеген жерден плей-оффқа жолдама алған.
Бұл матчтың жеңімпазы келесі кезеңде Англия мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы кездесуде жеңіске жеткен құрамамен кездеседі.