Саясат • 26 Ақпан, 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Америкаи Құрама Штаттарына ресми сапары Қазақстанның инвестициялық саясатының жаңа кезеңін айқындады. Сапар аясында өткен жоғары деңгейдегі кездесулер, американдық корпорациялармен келіссөздер және стратегиялық бастамалар еліміздің жаһандық экономикадағы орнын күшейтуге бағытталған. Бұл сапар Қазақстанның басты мақсаты – экономиканы ресурстық тәуелділіктен арылтып, жоғары қосылған құнды өндірістерді дамыту, өңдеу өнеркәсібін кеңейту және шетелдік капиталмен ұзақмерзімді серіктестік орнату екенін айқын көрсетті.
Саясат • 26 Ақпан, 2026
Ғылыми атақтар туралы келісім мақұлданды
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар ЕАОЭ-ға мүше мемлекеттерде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану жөніндегі келісімді мақұлдады.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2026
Жаркент мешіті мен Вознесенск шіркеуі әлемдік мұра нысанына енеді
Президенттің Ұлттық құрылтайдың Қызылорда қаласында өткен V отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Жаркент мешіті және Вознесенск шіркеуі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра нысандарының алдын ала тізіміне енгізілді (Tentative List). Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Білім • 25 Ақпан, 2026
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Таңертең сабаққа асыққан оқушы сөмкесіне кітаппен бірге планшетін салып шықса, ал мұғалім бірнеше минут ішінде көрнекі материал дайындап үлгерсе, бұл – қиял емес, бүгінгі білім кеңістігінің шынайы көрінісі, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ел ертеңін айқындайтын жаңа Конституция жобасына дауыс беру – әрбір азаматтың елдік міндеті. Жалпыға ортақ іске жұмылғандар ішінде еліміздің көк байрағын әлемге әйгілеп жүрген спортшылар мен өнер майталмандары да бар. Олар өз саласында ғана емес, саяси аренада да көптен оза шауып, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Бақытгүл Қамбар: Жаңа Конституция халықаралық нормаларға толық сәйкес келеді
Кез-келген адам әлемдегі ең мықты, әл-ауқаты жақсы мемлекетте өмір сүргісі келеді. Сондықтан әркім өз елінде әлеуметтік жағдай жоғары, экономикалық даму тұрақты, заң және саяси жүйе әділ болғанын қалайды. Бұл аталғандардың бәрі – «тұрақты даму» деп аталатын ауқымды ұғымға тоғысады. Ал дамудың негізін қалайтын басты құжат – елдің негізгі заңы, яғни Конституция.
Ата заң • 25 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа: Парламенттің жаңа саяси салмағы
Қазақстанда басталған конституциялық өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңін айқындап отыр. Бұл тек нормаларды түзету емес, билік тармақтарының жауапкершілігін нақтылау және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған қадам. Реформа жағдайында заң шығарушы орган – Парламенттің рөлі айрықша мәнге ие бола бастады.
Саясат • 25 Ақпан, 2026
Әділетті Қазақстанның конституциялық көрінісі
Елімізде жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Бұл ретте түбегейлі өзгерген жаңа Ата заңды әділетті Қазақстанды құру жолындағы қоғамдық келісімнің көрінісі деп атауға болады. Елдің саяси архитектурасын өзгертетін бұл «қайта жүктеу» тәуелсіздігімізді тұғырлы ете түседі деген сенімдеміз.
Саясат • 25 Ақпан, 2026
Жарты миллионнан астам адам жұмыспен қамтылады
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық, жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдар, әлеуметтік серіктестер қатысты.
Саясат • 25 Ақпан, 2026
Гендерлік саясат саласындағы оң өзгерістер
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы әрі Қазақстандағы Елдік кеңсе өкілі Джерен Гювен Гюреспен кездесті.