Спикер соңғы 13 жылда аумақтың инфрақұрылымсыз қалғанын сынға алып, соның салдарынан қауіпсіздік мәселелері, қоқыс пен табиғатқа түсетін салмақ артқанын айтты. Оның пікірінше, заманауи туристік инфрақұрылым бұл түйткілдерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік бермек.
Мұхтар Тайжан жоба аясында тұрғын үй кешендері салынбайтынын, жер мемлекет меншігінде қалатынын ерекше атап өтті. Сондай-ақ курорт халықаралық деңгейдегі туризм орталығына айналып, Алматы экономикасына серпін беруі мүмкін екенін жеткізді.
Мұхтар Тайжан: «Almaty Superski» жобасы 20 мыңға дейін жұмыс орнын ашуы мүмкін
Қоғам белсендісі жоба балалар спорты мен қысқы туризмді дамытуға да жол ашатынын атап өтті. Мектеп оқушыларын шаңғы спортына тегін баулу тәжірибесін Еуропа елдеріндегідей енгізуге мүмкіндік тумақ.
Мұхтар Тайжан экология, қар, көшкін және су ресурстары төңірегіндегі алаңдаушылықтарға да тоқтала келе, қазіргі технологиялар қауіпсіздік пен табиғатты қорғау талаптарын қамтамасыз етуге қабілетті екенін атап өтті. Сонымен қатар тарихи-мәдени мұра нысандары сақталып, бағыттардың бір бөлігіне айналатынын жеткізді.