Қоғам • Бүгін, 12:50

Көкжайлауға шаттлдар қатынайды: Алматы таулы кластерінде көлік жүйесі қалай өзгереді?

2 мин
оқу үшін

Алматыны дамыту орталығы жанындағы жобалық кеңсенің «Көлік жүйесін дамыту» базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі Артур Шахбазян Алматы таулы кластеріндегі көлік қолжетімділігі қалай өзгеретінін айтты. Оның сөзінше, жоба жеке көліктердің қозғалысын шектеп, қоғамдық көлік пен шаттл жүйесін күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көкжайлауға шаттлдар қатынайды: Алматы таулы кластерінде көлік жүйесі қалай өзгереді?

Фото:istockphoto.com

Маманның сөзінше, Алматы тау кластеріндегі көлік жүйесін дамыту жұмыстары соңғы үш жыл бойы жүргізіліп келеді. 2024 жылы Кіші Алматы шатқалы бойынша көлік қолжетімділігі тұжырымдамасы әзірленсе, 2025 жылы Үлкен Алматы шатқалына қатысты жаңа концепция дайындалған.

«Тұжырымдама аясында жеке автокөліктердің кіруін шектелгенімен, қоғамдық көлік арқылы қатынау қолжетімділігі қарастырылған», деді ол.

Жоба аясында арнайы перехваттық тұрақтар салу жоспарланған. Олар қаланың ішінде де, тау бағытындағы жолдардың бойында да орналасады. Артур Шахбазянның сөзінше, жүргізушілер көліктерін сол тұрақтарға қалдырып, ары қарай шаттлдармен қатынай алады.

«Жоспар бойынша, бағыттарға 30 адамға дейін сыятын шаттлдар мен электрлі шағын автобустар қатынайды. Олар туристік курорт инфрақұрылымымен бірге іске қосылмақ. Шаттлдар кемінде әр 10 минут сайын қатынайды. Сонымен қатар 12, 21, 28 және Үлкен Алматы шатқалына қатынайтын 211 бағыттағы автобустардың жұмысы күшейтіледі», деді маман.

Алайда жаңа инфрақұрылым барлық көлікке ашық болмайды.  Кейбір жолдар тек шаттлдарға, қоғамдық көлікке және қызметтік көліктерге арналған.

Шымбұлақ пен Oi-Qaragai курорттарын байланыстыратын аспалы жолдар салынады

Маманның айтуынша, мұндағы негізгі мақсат жолды кеңейту емес, көлік ағындарын тиімді басқару. Оның пікірінше, кептелістер көлік санының көптігінен емес, қозғалыстың дұрыс ұйымдастырылмауынан туындайды.

Айта кетейік, жобалық шешімдер қазіргі уақытта Көкжайлау мен Алматы тау курорты жобасын әзірлеу процесінде қарастырылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Атадан қалған ақ сауыт

Руханият • Бүгін, 12:10