Оқиға • Бүгін, 12:09

Ақмола облысында әйел адам сатушыға пышақ ала жүгірді

1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында дүкен ішінде әйел адам сатушыға пышақ ала жүгірген. Оқиға сәті сауда залындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында әйел адам сатушыға пышақ ала жүгірді

Фото: istockphoto.com

Видеода әйел адамның кенеттен сатушыға суық қарумен тап беріп, шабуыл жасағаны көрінеді. Бұл кадрлар кейіннен әлеуметтік желілерде тарап кеткен.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім ауыр жарақат алмаған. Ал күдікті көп ұзамай ұсталған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан ешкім ауыр жарақат алмаған. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері анықталып жатыр. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ полиция күдіктінің әдеттегі тәртіппен қамауға алынбағанын, оның арнайы медициналық мекемеге орналастырылғанын мәлімдеді. 

Алты тұстан пышақ сұққан: Талдықорғанда мектеп оқушысы студентті өлтірді деген күдікке ілінді

Еске салсақ, бұған дейін де Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кеткен еді.

Соңғы жаңалықтар

Атадан қалған ақ сауыт

Руханият • Бүгін, 12:10