Аймақтар • Бүгін, 13:55

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Макинск қаласының 18 жастағы тұрғынына бұрынғы сыныптасы пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті

«24 сәуір күні Макинск қаласының медициналық мекемесіне пышақ жарақаттарымен 18 жастағы жергілікті тұрғын жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс жасағаны үшін жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», делінген Ақмола облысы полиция департаментінің хабарламасында.

Жаңаөзенде ауруханалардың бірінде дәрігерді пышақтап кетті

Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Шымкентте тағы бір әйелді пышақтап кетті: Полиция қару қолдануға мәжбүр болды

Соңғы жаңалықтар