Қоғам • Кеше

Жаңаөзенде ауруханалардың бірінде дәрігерді пышақтап кетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңаөзен қаласындағы ауруханада 29 жастағы дәрігер-терапевт пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзенде ауруханалардың бірінде дәрігерді пышақтап кетті

Фото: freepik.com

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға 28 қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де болған. Әлеуметтік желілерде ер адамның аурухана аумағында дәрігерге шабуыл жасап, пышақ жарақатын салғаны туралы ақпарат тараған. Құзырлы органдар бұл оқиғаның марқұмның кәсіби қызметіне тікелей қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Дәрігерге дөрекілік көрсеткендер қатаң жазаланады

Маңғыстау облысының полиция департаменті адам өлтіру дерегін растады. Ведомствоның хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу деректеріне сәйкес, ер адамдар арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық қатынастар негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өзі келіп, кінәсін мойындаған.

Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы бес жылда дәрігерлерді соққыға жығудың 280 фактісі тіркелген

Айта кетейік, қаңтар айының басында Президент Қылмыстық-процестік кодекске толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Парламент депутаттары әзірлеген бұл өзгерістер медицина қызметкерлерін қызметтік міндетін атқару кезінде күш қолданудан және қатыгез қарым-қатынастан қорғауға бағытталған.

Түзетулерге сәйкес, Қылмыстық кодекске 380-3-бап енгізіліп, онда медицина қызметкерлеріне және жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілеріне қатысты күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Дәрігерлер қауіпсіздігіне кепілдік беретін заң қабылданды

Соңғы жаңалықтар