Қоғам • Кеше

Шымкентте 23 жастағы қыз уақытша ұстау изоляторында көз жұмды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында 23 жастағы Сания Жұбанышева уақытша ұстау изоляторында қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте 23 жастағы қыз уақытша ұстау изоляторында көз жұмды

Алғашында ол жасөспірімге пышақ жарақатын салды деген күдікпен қамауға алынған.

Марқұмның адвокаты Мухаммад Алиосман Оглының айтуынша, Сания оқиға алдында өзіне жыныстық сипаттағы қысым көрсетілгенін айтып, көмек сұраған. Алайда қорғаушы тергеу барысында бұл жайтқа жеткілікті назар аудармағанын мәлімдеді.

Полиция дерегіне сәйкес, алғашқы оқиға 2 мамырға қараған түні танысының үйінде болған. Тергеу нұсқасы бойынша, жанжал кезінде Сания кәмелетке толмаған жасөспірімге пышақ жарақатын салған. Кейін ол қамауға алынып, екі айға изоляторға қамалған.

Талғарда зорлау оқиғасы бойынша күдікті изолятордан қашып кеткен

15 мамырға қараған түні бойжеткеннің жағдайы күрт нашарлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол камералас әйелдің жүрек ауруына арналған дәрісін шамадан тыс ішіп қойған. Ауруханаға жеткізілгенімен, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық мән-жай жан-жақты тексеріліп жатыр. Іс Шымкент қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар