Саясат • 21 Мамыр, 2026
Танымды тереңдету – уақыт талабы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Ордаға қатысты халықаралық симпозиумда Ұлы дала өркениетінің әлем тарихындағы орнына лайықты баға берді.
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
21 мамыр – инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету маманы күні
Бүгін, 21 мамырда Әуе қорғанысы күштерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету саласында қызмет ететін мамандар өздерінің кәсіби мерекесін атап өтіліп жатыр. Отандық әскери техниканың тұрақты дайындығы, ұшақтар мен тікұшақтардың мінсіз күйде болуы және елдің әуе шебін қорғау міндеттерінің мүлтіксіз орындалуы тікелей осы сала қызметкерлерінің қолында, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Ес білгеннен біздің үйде кітап көп болатын. Екі кітап шкафы бар еді. Кітаптар екі қатардан қойылатын. Ауылдың ауқымымен, алпысыншы жылдардың жағдайымен қарағанда бұл көп кітап саналатынын шамалау қиын емес. Көкем кітапты көп оқитын. Әттең, өмірден ерте кетті – қырық жасында. Алтыншы класс оқушысы едім. Әкенің көп қасиетін бойға жұғыстырып үлгере алмаған күйі қала бердім. Әйтсе де әйтеуір бір қасиеті анық ауысты дей аламын. Ол қасиеті – кітап оқуға құмарлық. Сол құмарлық мені әлі күнге ұлы көштен қалдырмай келеді. Жасымыз жетпістің бесеуіне келгенде де қолдан кітап тастамаймыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітапқа қатысты арнаулы Жарлық шығаруына қуанатынымыз да сондықтан.
Өнер • 20 Мамыр, 2026
Екінің бірі фото түсіріп, жариялап жатқан мына заманда мұндай сұрақтың қойылуы тосын көрінер. Бірақ мен осы сұрақ арқылы фотограф мамандығы үшін қажетті академиялық білімнің маңыздылығына назар аудартқым келеді.
Қоғам • 16 Мамыр, 2026
Айболат Бектен: Туыстық атаулар құқықтық негізде бекітілуі керек
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажеттігін айтты. Сондай-ақ азаматтардың бойында жаңа дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығып жатқанын, саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз бен мәдени кодымыз өзгере бастағанын көрсетті.
Әдебиет • 15 Мамыр, 2026
Тарихшы ғалымның хаттары кітап болып жарық көрді
Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің архивінде мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті тарихшы, академик Манаш Қозыбаевтың «Уақытпен сырласу» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 14 Мамыр, 2026
Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Алматыда бұрын сотталған қылмыстық орта өкілдері бар 10 адамнан құралған қылмыстық топ ұсталды. Ұсталғандар қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық, бопсалау секілді ауыр қылмыстар жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 14 Мамыр, 2026
Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров Ауыл шаруашылығы кешені үшін минералды тыңайтқыштар өндірісінің маңыздылығына тоқталып, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Депутат еліміздегі минералды тыңайтқыштар өндірісінің ақсап тұрғанын және шикізат бағасындағы теңсіздіктің салдарынан азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төніп тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 13 Мамыр, 2026
15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 13 Мамыр, 2026
Қарағандыда 1 млн тоннаға дейін металлургиялық кокс өндіретін зауыт салынады
Үкімет Энергетика министрлігі мен «Kazakhstan Success Coking Energy» ЖШС арасындағы Қарағанды облысында металлургиялық кокс өндіретін зауыт салу бойынша инвестициялық келісімді мақұлдады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.