Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
843 материал табылды

Аймақтар • 25 Сәуір, 2024

Таза қала – табиғат айнасы

Қазір же­ті­сулықтар қала маңын қо­қыс­тан тазартып жа­тыр. Осы ретте Талдықор­ғандағы Қызыл тас – Тас­бақа тас жерінде «Тал­дықорған – петро­г­лиф­тер елінің астанасы» атты қайырымдылық ЭКО фес­тивалі өтті.

Денсаулық • 23 Сәуір, 2024

Жатыр мойны обырына қарсы вакцина

Жетісулық дәрігерлер өңірде жатыр мойны обырымен ауыратын қыз-келіншектердің көбейгенін алға тартып отыр. Оған папиллома вирусынан туындаған инфекция әсер етеді. Вирусты жұқтырмаудың және оның дамуын болдырмаудың жалғыз жолы – вакциналау. Сондықтан ақ желеңділер қыркүйек айынан бастап адам папилломавирусына қарсы екпе салмақ.

Медицина • 19 Сәуір, 2024

Екі баланы аман алып қалды

Қос балдырғанның өмі­рін сақтап қалған дәрігер­лердің біліктілігіне же­ті­сулықтар разы. Көпса­лалы облыстық балалар ауруханасына үш жа­сар екі бала әртүрлі дене жарақатымен түс­кен. Бірі төртінші қабат­тан құлап, ауыр жара­қат алса, екіншісі септикке түсіп кеткен. Маман­дар шұғыл әрекет етіп, дер кезінде бірлесе көмек көрсеткеннің нәтижесін­де балаларды аман алып қалды.

Қоғам • 19 Сәуір, 2024

Ал махаббат – таусылмайтын әңгіме

Жастар арасында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні дәстүрлі түрде тойланып келеді. Жыр­дағы қос ғашық­тың кіршіксіз сезімі – отау құрар қыз-жігіт­терге үлгі. Жетісуда осы мақсатта 15 жігіт өз сүйік­тісіне ұсыныс айтып, отбасын құруға бел байлады.

Өнер • 18 Сәуір, 2024

Музыка сабағы

Кенепке бояу түскен бетте суретші еркінен тыс әрекет етеді. Қалам ұстаған ақында да, жазушыда да солай, бұл әлемге бейтаныс адамдай беймаза күй кешеді. Қызық сезім, бір нәзік ойды картинаның әр бөлігіне қиюластырып, меңіреу түннің құпиясын тапқандай аласұрасыз. Жүрек толқытқан күрсінісіңізді сергітіп оятатын әуелеген ән де, кербез күй де түн қойнында тұсау кесетіні несі?

Аймақтар • 18 Сәуір, 2024

Қорғаста халықаралық әуежай салынады

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) Қытай, Орталық Азия, Орта Шығыс және Еуропаны бай­ла­ныстыратын стратегиялық нысан. Экономикаға үлкен пайда әкелетін аймақтың әлем елдерімен қатынасын кеңей­ту маңызды. Ол үшін халықаралық әуежай қажет. Шетел­дік инвесторлар осы бағытта қаржы құюға ниетті екенін жеткізді. Көп ұзамай Жетісуда заманауи әуе айлағы салы­нады.

Спорт • 17 Сәуір, 2024

Олимпиада ойындарына 100 күн қалды

Жазғы Олимпиада ойындарының басталуына да санаулы айлар қалды. Жанкүйерлер тағатсыздана күткен төртжылдықтың басты додасы 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтетіні мәлім. Париж Олимпиадасына әлемнің 205 елінен 10 мыңнан астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта Қазақстан делегациясының қоржынында 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.

Шаруашылық • 17 Сәуір, 2024

Егін басы – елдің қамы

Cәуір келгелі жетісулық шаруаларда тыным жоқ. Дала төсі дүбірге бөленіп, өңірде еңбек көрігі қызып жатыр. Биыл барлығы 117 653,4 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Сондықтан диқандар техника және субсидия жағынан мемлекет тарапынан қолдау күтеді.

Шаруашылық • 17 Сәуір, 2024

Малсақ қауымды не толғандырады?

Жетісулық шаруалар қыстың қытымыр мінезінен қанша қиналса да, төрт түлікті көктемге аман-есен жеткізді. Мал төлдету науқаны мәреге жетуге жақын, азын-аулақ шығын да жоқ емес. Жазда жемшөбін құнттаған қойшылардың көңілі тоқ, қозы-лағын қуалап жүр.

Экология • 16 Сәуір, 2024

Киелі мекен: Жетісуда тазалық акциясы жалғасты

Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты. Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, студенттері және Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты. Іс-шара аясында жастар табиғат аясында ақынның өлеңдерін оқыды. Дәл осындай тағылымды эко-шара Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай да ұйымдастырылды, деп жазады Egemen.kz.