Динар КЕРІМ
Динар КЕРІМ«Egemen Qazaqstan»
1 материал табылды

Руханият • 12 Тамыз, 2020

Ұстаз жолы

Төле би - еліміздің түскейіндегі Түркістан облысының табиғаты әсем таулы аудандарының бірі. Аудан орталығы Леңгір қаласынан төрт–бес шақырым қашықтықта, суы маржандай төгіліп, сылдырлай аққан Тоғыс өзенінің бойында, шығысынан Өгем мен Қаржантаудың жоталары, ал оңтүстік батысында Қазығұрт тауы мен мұндалайтын  шағын алқапта  Аққұм ауылы орналасқан. Төңірегі жасыл желекке оранған, тамыры ғасырлар қойнауынан бастау алатын осы елді мекенде ұлтымыздың арғы-бергі тарихын жақсы білетін, өңірдің әрбір тауы мен тасынан хабардар көкірегі шежіре жан, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған аяулы ұстаз – Тұрсынбай Әбдіхалықов ғұмыр кешті. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын...» деген халық даналығы. Ендеше, қолыңызға алып, көз салған мақала  бүгінде бақилық  болған алыстағы ауыл мұғалімінің көпқырлы тұлғасына, ғибратты өмір жолына арналмақ.