Жадыра МҮСІЛІМ
Жадыра МҮСІЛІМ«Egemen Qazaqstan»
42 материал табылды

Аймақтар • 30 Мамыр, 2024

Қырандай қырағылық танытты

Жұрттың қарасы көп жерде тәр­­тіп жиі бұзылатыны рас. Әсі­ресе байрақты бәсекелерде жан­­күйерлер арасындағы құқық бұзу­шы­лықтың қылаң беру де қа­лыпты жағдайға айналған.

Үкімет • 30 Мамыр, 2024

Маңызды түзетулер мен толықтырулар мақұлданды

Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында еліміздің ішкі, сыртқы мәселелеріне қатысты 14 заң жобасы қаралды. Соның ішінде елдегі маңызды құжаттар ғана емес, «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары, Қытай мен Қазақстан Үкіметтерінің көлік бағыты, «Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу» жөнінде хаттама да бар.

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, қарулы күштердің құрылуы мен қалыптасуында аса маңызды рөл атқарған алғашқы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай кеше елордада тарихи тұлғаның сара жолына арналған дөңгелек үстел өтті.

Қоғам • 24 Мамыр, 2024

Батырлар рухы – тәлім-тәрбие қайнары

Достық үйінде биыл 100 жылдық мерейтойлары аталып жатқан Халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған іс-шара өтті.

Президент • 21 Мамыр, 2024

Өнерге құрмет – елге құрмет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, ең алдымен, іс-шараға жиналғандарды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады.

Қоғам • 21 Мамыр, 2024

Көшбасшылық қабілеттің берері мол

Биыл сәуірде Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстан арасындағы «Capacity Building» бағыты бойынша екіжақты ынтымақтастықтың негізінде «Kazakhstan Executive Leadership Program 2024» оқыту бағдарламасы басталды.

Айбын • 14 Мамыр, 2024

Санаулы секундта ақталған соңғы үміт

Батыл шешім. Ұтқыр қимыл. Көзсіз ерлік. Кәсіби намыс. Төртеуі тоғысқан жерде халықтың амандығын, елдің тыныштығын қорғауды сенімді қолға тап­сыруға болады. Өйткені сын сағатта сертке берік, антқа адалдық таныта білетін тарландар қажет кезде батылдық көрсетіп, табандылық та та­ныта алады. Олар үшін өзгенің өмірі үшін басын бәйгеге тігіп, тұтқиылдан келген шабуылда батыл шешім шығаратын сәттерде отаншылдық рухты өлтір­меу маңызды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнайы мақсаттағы қыз­метінде сайдың тасындай іріктелген сайыпқырандар жиналған.

Көрме • 14 Мамыр, 2024

Іскерлік ынтымақтастық мүмкіндігі

Тегеран Халықаралық көрмелер кешенінде Иран Ислам Республикасының VI экспорттық мүмкіндіктері көрмесі өтті. Оған бес құрлықтың 96 елінен 700 сауда және инновациялық компанияның өкілдері, 2200-ден аса кәсіпкер мен экономика саласының сарапшы-маманы қатысты.

Қоғам • 03 Мамыр, 2024

Сайлаушы мүддесі және сайлау тәжірибесі

Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Сарапшылық кеңестің төртінші отырысы өтті. Жиында сарапшылар сайлауда дауыс берудің баламалы нысандарын, кандидаттардың ел аумағында тұрақты тұру дерегін анықтау бөлігінде отырықшылық цензі, дауыс беру күні толтырылған бюллетеньді фотобейне тіркеуге тыйым салуды енгізу мәселелерін талқылады.

Саясат • 01 Мамыр, 2024

Парламентаралық әріптестік мүддесі

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Сингапур Парламентінің Спикері Сеа Киань Пэнмен кездесті. Сұхбат барысында тараптар инвестициялық ынтымақтастықты арттыру және парламентаралық байланысты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.