Соңғы жаңалықтар
Архив • Кеше
Астана қаласының төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында көне қолжазбалар баршылық. Соның бірі – 1954 жылы Мадрид қаласында Испания мен Колумбия үкіметтерінің қолдауымен «Латын Америка мәдениеті» баспасынан жарыққа шыққан «Жаңа Гранада Корольдігінің ботаникалық экспедициясының флорасы: 1783 – 1816 жж» атты құнды еңбек.
Пікір • Кеше
Бабалар ұстанған бағыт – болашаққа аманат
Бүгінде біздің мемлекетіміздің негізгі іс-қимылдарының бірі – Түркі мемлекеттері ұйымы аясында ұйымға мүше елдермен екіжақты және көпжақты байланыстарды одан әрі нығайту, неғұрлым тығыз қарым-қатынастар орнату, өзара іс-қимылды байытуға бағытталғанын баса айту керек. Атап айтсақ, Әзербайжан – Қазақстан қатынастары қазір тарихтың ең жарқын кезеңін бастан өткеріп жатыр.
Тарих • Кеше
Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанұлының бұл ісі кеңес дәуірінде Б(б)кП Орталық қадағалау комиссиясының мұрағатында тізбек бойынша № 458 іс № 1278 жинағында сақталған. Бұл істің «аса құпия» немесе жай «құпия» деген белгісі (грифі) болмаса да, кеңес дәуірінде ол іске кез келген адамның қолы жете бермейтін. Қазір оның құпиялық күші қайтып, Ресейдің мемлекеттік мұрағатының 7511-қоры, 5-тізбегі, 458-ісінде сақталып жатыр.
Таным • Кеше
Ғалам ғажаптары: «Бірің өліп, бірің қал»
Бокс тарихындағы ең ұзаққа созылған айқас 12 раунд деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Бұрындары жекпе-жек екі спортшының бірі жеңілгенше жалғасқан.
Жәдігер • Кеше
Елеке сазындағы қазба жұмыстарынан табылған бұғының бұл фигурасы Өскемендегі тарихи-өлкетану музейінде сақталған. Музей мамандарының айтуынша, мұны жасаған шебер жас патшайымның заттарын безендіру үшін пайдалануы мүмкін.
Оқиға • Кеше
Шалғайдағы ауылда туып-өскен Дархан қалаға 2005 жылы келді. Жасы жиырмадан асқан, ақыл тоқтатқан кезі еді. Автокөлік жөндейтін шеберханаларда көмекші бола жүріп, жаңа мамандығын жақсы игеріп алды. Қазір Оралдағы танымал автошебердің бірі.
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің 85 жылдығы аясында «Жыр жауһары» атты поэтикалық дуэль өткізілді. Жергілікті жас ақындардың басын қосқан іс-шара соңғы бірнеше жылдың бедерінде тұрақты түрде өткізіле бастағаны көңіл қуантады.
Қоғам • Кеше
Үкіметтен жедел қолдау болмаса фермерлер егін егуге үлгермеуі мүмкін - сенатор
Тасқын судан зардап шеккен өңірлердегі ауыл еңбеккерлері егіс науқанын уақытында бастай алмауы мүмкін. Өйткені көктемнің әр күні жылға азық. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әр күн маңызды. Қазіргі уақыт жедел әрекет етуді қажет ететінін атап өткен депутат Арман Өтеғұлов фермерлердің проблемаларын Үкімет алдына жайып салды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • Кеше
Қазір жетісулықтар қала маңын қоқыстан тазартып жатыр. Осы ретте Талдықорғандағы Қызыл тас – Тасбақа тас жерінде «Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы» атты қайырымдылық ЭКО фестивалі өтті.
Қоғам • Кеше
Сенат Спикері: Отандық дәрі-дәрмектің жартысы ғана ДДҰ стандарттарына сай келеді
Қазіргі уақытта Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығында отандық өндірушілердің үлесі бар болғаны 10 пайызды құрайды. Тіпті бұл көрсеткіштен де төмендеп барады. Сондай-ақ отандық дәрі-дәрмектің жартысы ғана халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Көңіл көншітпейтін мұндай статистиканы бүгін Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жансарай • Кеше
Сәулебек АСЫЛХАН: Театрда тұшынып тамашалайтын спектакль аз
Режиссер Сәулебек Асылханұлының театрдағы жүріп өткен жолы суреткерлік дара қолтаңбасымен ғана емес, әдебиет пен драматургия, жалпы өнер әлеміндегі таутұлғалармен қатар жүріп, батасын алған һәм қайраткер қаламгерлермен қанаттаса жүріп қайталанбас қойылымдарын өмірге әкелген тағылымды тарихымен де құнды. Ғабит Мүсірепов, Тахауи Ахтанов, Әзірбайжан Мәмбетов сынды суреткерлік әлем саңлақтарының сенімінен шығып, өзі де сол парасат биігіне бойлаған режиссердің таңғажайып театр туралы толғанар ойы, бүкпесіз айтар сыры мол.
Аймақтар • Кеше
Облыс орталығындағы Жаппасбай батыр көшесі бойынан салынған көпқабатты үйден 150 отбасыға пәтер кілті табысталды. Жұртшылықтың көптен күткен қуанышына ортақтасып, тілек қосқан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев халықты баспанамен қамту Мемлекет басшысының назарында тұрған мәселе екенін атап өтті.
Қазақстан • Кеше
Бүгін, Алматыда өткен «ESE ASIA-2024» халықаралық контейнерлік форумында соңғы бір жылда компанияҚазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымалдау көлемін айтарлықтай арттырғаны айтылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
«Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» ұғымдары халқымыздың стратегиялық бағдарын білдіреді – сенатор
Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу. Халқымыздың стратегиялық бағдарының түпкі мәнін дәл әрі нақты білдіретін осы үш ұғымды ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Мемлекет басшысы айтқан мәселелер туралы Әлішер Сатвалдиев Facebook әлеуметтік желісінде пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • Кеше
«Таза Қазақстан»: Павлодарда 40 қайың отырғызылды
Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» мен «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Павлодар қаласы көшелеріне ағаш отырғызылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Мигранттар туралы жүйелі әлеуметтік зерттеулер жүргізу қажет – Дархан Қыдырәлі
Крокуста болған қайғылы жағдайдан кейін елімізге ағылатын еңбек мигранттарының саны артатыны болжанып отыр. Сенатор Дархан Қыдырәлі өзінің депутаттық сауалында олардың біздің елімізге заңсыз келуіне байланысты ұлттық қауіпсіздікке әсер ететін проблемаларды көтерді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пікір • Кеше
Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтты.
Қазақстан • Кеше
БАҚ пен азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырамын – министр
Соңғы күндері ProTenge телеграм-арнасының бас редакторы Жәмила Маричева мен журналист Асхат Ниязовқа қатысты көптеген сұрақ түскенін айтқан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook парақшасында аталған жайтқа байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • Кеше
Қазақстан-Қытай депутаттары трансшекаралық өзендерді тиімді пайдалану мәселесін талқылады
Бүгін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайға ресми сапармен барды. Бейжіңде депутаттар Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзимен, ҚХР-ның Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және ҚХР Төрағасының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • Кеше
Amicorp елімізде өз кеңсесін ашты
Amicorp компаниялар тобы өңірдің бас қаржы хабы – «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) өз кеңсесін ашты. Amicorp – корпоративтік басқару, қаржы нарықтары және қорларды әкімшілендіру қызметтерінің алғашқы жаһандық жеткізушісі, деп жазады Egemen.kz.
Білім • Кеше
Елдің барлық мектебінде бірыңғай сынып сағаты өтеді
Қазақстанда 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн-нан астам оқушы аяқтайды, оның 186 мыңы - мектеп түлектері, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • Кеше
Президент ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Президент қазақ-қытай байланыстары жоғары деңгейде екеніне, яғни арада мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық серіктестік орнағанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • Кеше
Мемлекеттік наградалар туралы заңға енгізілген түзетулер мақұлданды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «ҚР-ның мемлекеттік наградалары туралы» Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңды қарап, мақұлдады. Аталған заң Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Парламент депутаттарының бастамашы болуымен әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • Кеше
«Тіл-Қазына» орталығы Оксфорд университетімен келісім орнатты
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында қазақ тілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • Кеше
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды
Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • Кеше
Биыл Ақтау мектептерінде соңғы қоңырау соғылмайды
Ақтауда 25 мамырда өтетін «соңғы қоңырау» іс-шарасы өтпейтін болды. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Ұлытау облысында 2 градус аяз болады - синоптиктер
«Қазгидромет» мамандары 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Алматы көшелерінің бірінде автобус өртеніп кетті
Алматы қаласындағы Раймыбек-Сүйінбай даңғылының қиылысында жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • Кеше
Индербор кентіндегі пәтер өртіне қатысы бар күдікті ұсталды
Атырау полицейлері өртке қатысы бар күдіктіні ұстап, қамауға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткіге мас күйінде ұсталды
Алматы әуежайында есірткіге мас күйде болған ұшқыш ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.