• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2016

Азамат құқығын қорғау – маңызды мәселе

215 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Ж.Асанов Мем­лекет басшысына прокуратура орган­дарының қазіргі және перс­пек­тивалы жоспарлары туралы, сондай-ақ, елдегі құқық тәртібі мен заңдылық ахуалы туралы баяндады. Қазақстан Президенті соңғы жыл­дары қабылданған заңдар қылмыс­қа қатысты саясатты ізгілендіруге, эко­номикалық қыл­­мыстар үшін балама жазалау шара­ларын енгізуге бағыт­талғанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев прокуратура органдарына қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласында, әсіресе, халық үшін әлеуметтік маңызды мәсе­лелерді шешу аясында азамат­тардың құқықтарын қам­тамасыз ету тұрғысынан маңызды міндет жүк­тел­генін де айтты. Мемлекет басшысы кездесу қоры­тындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ
Соңғы жаңалықтар