• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
15 Маусым, 2016

«Еуро-2016». Австрия – Венгрия (фото)

254 рет
көрсетілді

Еуропа чемпионатында Венгрия құрама командасы ойламаған жерден Австрия командасын жеңіп кетті. Матч тартысқа толы өткендіктен қызықты сәттері де көп болды. Футбол осынысымен ерекше. Олай болса, төменде бірнеше фотоларды назарларыңызға ұсынамыз. Еуропа чемпионатында тағы бір рекорд жаңарды. Венгрия құрамасының сапында алаңға шыққан қақпашы Габор Кирай турнирдің жасы үлкен футболшысы атанды. Команданың жеңіске жетуіне жанкүйерлер септігін тигізеді. Шатқа отыру әркімнің қолынан келе бермейді. Ал 40 жастан асқаннан кейін дәл мұндай қалыпта болу бір өнер. Австрия құрамасы ұтылып жатқан кезде қорғаушы Александр Драговичтің екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылған сәт. Аян Әбдуәли. Фото: vk.com, football24.ua.
Соңғы жаңалықтар