Мемлекет басшысы Алматы қаласының №168 мектебінің оқу бөлмелерін аралап, материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Егемен-ақпарат хабарлады.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев оқушылардың ата-аналарымен және педагогтармен кездесті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті қазір мемлекет-жекеменшік серіктестігінің арқасында елімізде жаңа әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынып жатқанын атап өтті. Жаңа салынған мектеп тиімді ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып саналады.
Соңында Мемлекет басшысы жиналғандарды жаңа оқу орнының ашылуымен құттықтап, алға қойылған міндеттерге қол жеткізу жолында табыс тіледі.
Егемен-ақпарат