• RUB:
    5.06
  • USD:
    486.44
  • EUR:
    534.31
Басты сайтқа өту
21 Қазан, 2016

«Қазақ елі – мәңгілік ел» атты жаңа монография шықты

391 рет
көрсетілді

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде белгілі ғалым, академик Әлия Бейсенованың «Қазақ елі – мәңгілік ел» атты жаңа монографиясының тұсаукесері болады. Алғашқы болып сөз алған Ұлттық Ғылым академиясының академигі Көпжасар Нәрібаев бұл еңбектің маңызын кеңінен атап өтті. Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына байланысты қамтылған мәселелерге тоқталып, саяси жағына мән берді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев кітаптың тарихи маңызына баса көңіл аударып, әңгімесін осы бағытта өрбітті. Шараға жиналғандар авторға салмақты сауалдар қойып, Әлия Сәрсенқызы барлығына да тұщымды жауап берді. Сондай-ақ, тұсаукесерде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақтияр Сманов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев та сөз алып, кітап туралы жылы лебіздерін білдірді. Тұсаукесер қонақтары Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен іргесі бекіп, қанат жайып келе жатқан Қазақстанның жаңа мемлекетке айналу кезеңдерін саралап, тәуелсіздік арқылы қол жеткізген табыстар туралы толғанған кітаптың құндылығы жоғары, деген баға берді. Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ