Қызмет көрсету саласында Еуропаға еліктемей, азиялық сапа үлгісін ұстану қажет, дейді «Қазақстандағы ішкі туризмнің дамуы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында Мейрамханалар мен қонақ үйлер қауымдастығының президенті Рашида Шайкенова.
Оның айтуынша, барлығы ауыз толтырып айтатын еуропалық сапа үлгісіне ұмтылу қажет емес және қазіргі таңда Еуропаның өзінде ондай таң қаларлық қызмет көрсету сапасы байқалмайды.
«Одан да туристерге қызмет көрсетуде өзіміздің менталитетімізге жақын, қонақжайлығымызды паш ететін азиялық сапа үлгісін ұстану қажет секілді», – деді Р.Шайкенова.
Айдар Өрісбаев, "Егемен Қазақстан"