• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы №956

384 рет
көрсетілді

2010 жылғы 9 желтоқсан, Астана қаласы Астана және Алматы қалаларындағы 15 жасқа дейінгі балалардың 1 типтегі қант диабетін емдеуге инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны енгізу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодек­сінің 7-бабының 1-тармағының 14) тармақ­ша­сына, «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минис­тр­лігінің 2010-2014 жылдарға арналған стра­тегиялық жоспары туралы» Қазақстан Рес­публикасы Үкі­метінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау министрлігінің 028 «Облыстардың бюджеттеріне, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттар, вакцинациялар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алу бойынша бөлінетін ны­са­на­лы ағымдағы трансферттер» бюджеттік бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасында 1 типтегі қант диабетімен ауыратын балаларға медициналық көмекті жетілдіру және дамыту мақсатында бұйырамын: 1. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана және Алматы қалаларында 15 жасқа дейінгі ба­лалардың 1 типтегі қант диабетін емдеуге ин­су­линнің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалану жөніндегі пилоттық жобасы (бұдан әрі – жоба) енгізілсін. 2. Пилоттық жобаның шеңберінде қоса беріліп отырған 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жасқа дейінгі балаларды инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалануға іріктеу мен ауыстыру тәртібі жөніндегі нұсқау­лық бекітілсін. 3. «Республикалық балаларды оңалту орта­лығы» АҚ (Ш.Ә.Бөлекбаева) (келісім бойынша) жобаны іске асыру үйлестірушісі болып белгіленсін. 4. «Республикалық балаларды оңалту орта­лығы» АҚ (Ш. Ә. Бөлекбаева) (келісім бойынша) жобаны іске асыру үйлестірушісі: 1) Астана және Алматы қалаларында жобаны үйлестіруді; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйым­дас­тыру департаментіне тоқсан сайын жобаны іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынуды қам­тамасыз етсін. 5. Астана (Д.С.Есімов) және Алматы (Е.Е.Дүрімбетов) қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бо­йынша): 1) құрамында эндокринолог, бас педиатр, тә­уелсіз сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар инсулиннің үздіксіз теріасты ин­фузиясының жүйесін пайдалануға 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жасқа дейінгі бала­ларды ауыстыру жөніндегі комиссияны құрсын; 2) 2011 жылғы 1 ақпанға дейін осы тар­мақ­тың 1) тармақшасында көзделген комиссия ұсы­нымының негізінде инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалануға 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жасқа дейінгі ба­лалардың тізімін анықтасын; 3) бар бюджеттік қаражаттың шегінде осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген кабинетке бір лауазым есебінен инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйелерімен жұмыс дағ­дылары бар эндокринолог дәрігердің бір штат бірлігін көздесін; 4) Алматы қаласының №6 балалар қалалық ем­ханасында, №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында, «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ауруханасы» РМҚК және «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ, Астана қаласында «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да, «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ-да 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жасқа дейінгі балаларды оқыту және бақылау жөніндегі кабинеттің жұмысын қамтамасыз етсін; 5) «Республикалық балаларды оңалту ор­та­лығы» АҚ жобасын іске асыру үйлестірушісі жо­баны іске асыру жөніндегі тоқсан сайынғы есепті ұсынуды қамтамасыз етсін. 6. «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ (Айбе Хинрикс), «Республикалық балаларды оңалту орталығы» АҚ (Ш.Ә.Бөлекбаева) және «Ақсай» республикалық балалар клиникалық ау­руханасы» РМҚК (М.И. Әбдібеков) (келісім бо­йынша) басшылары оқыту және бақылау жө­ніндегі кабинетті орналастыру үшін үй-жай­ларды ұсынсын. 7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйым­дас­тыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева) жобаның нәтижесі бойынша 2011 жылғы 20 желтоқсанға дейін 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жас­қа дейінгі балаларға инсулиннің үздіксіз те­ріасты инфузиясы жүйесін пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітуге ұсынымды қамтамасыз етсін. 8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің Медициналық көмекті ұйым­дастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қа­зақстан Республикасы Әділет министрлігінде мем­лекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін. 9. Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқық­тық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жа­риялануын қамтамасыз етсін. 10. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қа­зақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 11. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жария­лаған күнінен бастап қолдаңысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне туын­дайтын қатынастарға қолданылады. Министр   С. ҚАЙЫРБЕКОВА. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 желтоқмандағы №956  бұйрығымен бекітілген 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жасқа дейінгі балаларды инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалануға ауыстыру жөніндегі нұсқаулық 1. Осы нұсқаулық 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жасқа дейінгі балаларды инсу­лин­нің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалануға ауыстыру (бұдан әрі – ИҮТИ) тәр­ті­бін және пилоттық жобаның шеңберінде көрсе­тілген тұлғалардың өлшемдерін нақтылайды. 2. 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жас­қа дейінгі балаларды одан әрі инсулиннің үз­діксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайда­лануға ауыстыру үшін мынадай өлшемдерге сәйкес келуі қажет: 1) ауыстыруға айғақтарының болуы; 2) ЖЖБИ жүйесін пайдалана отырып, ме­дициналық көмек көрсетуге пациенттің ниеті және ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша келісімі; 3) эндокринологтың тағайындауын пациент­тің тұрақты орындауы (диетаны, тамақтану режімін, инсулинотерапия, соңғы 12 айдың ішінде физикалық жүктемені, өзін өзі бақылауды тұ­рақты және барабар жүргізу) (баланың жеке кар­та­сынан деректер бойынша, стационарлардың көшірме эпикриздері); 4) пациенттің көруінің және (немесе) естуінің ауыр бұзылуларының болмауы; 5) пациенттің анамнезінде психикалық бұзы­лу­ларының болмауы. 3. Ауыстыру 2 кезеңде жүргізіледі: 1) бірінші кезең: баланы анкеттеуді осы Нұсқаулыққа қосым­шаға сәйкес заңды өкілімен бірлесіп тұрғылықты жері бойынша баланы бақылайтын эндо­кри­но­лог дәрігер жүргізеді; анкеттеу нәтижелерін, аурудың анамнезін эн­докринолог дәрігер 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жасқа дейінгі балаларды ИҮТИ ауыс­тыру жөніндегі комиссияның қарауына ұсы­нады(бұдан әрі – Комиссия); Комиссияның құрамында бас балалар эн­до­кри­нологы, бас педиатр, тәуелсіз сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар; Комиссия пациенттің және (немесе) заңды өкілінің инсулинотерапияның, өзін-өзі бақы­лау­дың, қан диабеті кезіндегі диеталардың негізгі қағидаттарына, пациенттің комплаенттілігі дәре­жесіне үйретілуін бағалайды; Қомиссияның қорытындысында ИҮТИ жүйе­сін сынамалық пайдалануға ауыстыру ұсыны­лады немесе ИҮТИ жүйесін пайдалануға ауыс­тырудан бас тартады. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жасқа дейінгі бала­ны алдын ала сынамалық ауыстыру заңды өкілін ИҮТИ жүйесін жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қайта берілмейтіндігі туралы жазбаша хабарлай отырып, жүзеге асырылады, бұл ретте бұл пациенттің пилоттық жобаға одан әрі қатысуын Комиссия шешеді; 2) екінші кезең: пациентті және заңды өкілін ИҮТИ жүйесін пайдалана отырып, оқытуды эндокринолог дәрі­гер 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жасқа дейінгі баланы оқыту мен бақылау бойынша кабинеттерде 3-6 ай бойы жүргізеді; гликирленген гемоглобиннің, гликемияның деңгейін, гипогликемиялық жағдайлардың, шұ­ғыл емдеуге жатқызулардың санын, өмір сүру сапасын, пациенттің комплаенттілігін анықтау де­ректерінің динамикасын есепке ала отырып, кабинеттің эндокринолог дәрігері пациентті динамикалық бақылауды жүргізеді. 3. Комиссия кабинеттің эндокринолог дәрі­гері ұсынған 3-6 айлық оқыту және 1 типтегі қант диабетімен ауыратын пациентті бақылау нәти­желерін бақылауды жүргізеді және пилот­тық жобаның шеңберінде пациентті ИҮТИ жү­йесін пайдалануға нақты ауыстыру туралы шешім шығарады. 1 типтегі қант диабетімен ауыратын 15 жасқа дейінгі балаларды инсулиннің үздіксіз теріасты инфузиясының жүйесін пайдалануға ауыстыру жөніндегі нұсқаулыққа қосымша нысан Пациенттерге және заңды өкілдеріне арналған сауалнама (инсулиндік помпа) 1. Пациенттің А.Т.Ә. _____________ 2. Пациенттің жасы______________________ 3. Байланыс телефоны___________________ 4. Әңгіме жүргізілген заңды өкілінің А.Т.Ә.________________________ 1. Сіз немесе Сіздің балаңыздың инсулиндік помпаны пайдаланылуын қалайсыз ба? А) Иә Б) Жоқ В) Білмеймін 2. Сіздің инсулиндік помпасын алу мүм­кін­дігіңіз бар ма? Нақты қайсысын? А) Иә Б) Жоқ В) Әзірге мүмкіндігім жоқ Г) Помпаны алуға қаражат жинаудамын 3. Сіздің көзқарасыңыз бойынша инсулиндік помпа туралы ақпарат жеткілікті ме? А) Иә Б) Жоқ В) ____________________________________ 4. Сіз помпа туралы қандай ақпарат алғыңыз келеді? А) Барлығын Б) Ешқандай В) ____________________________________ 5. Сіз инсулиндік помпадан не күтесіз? А) Ешқандай Б) Ерекше күш салмай диабет ағымының айтарлықтай жақсарғанын В) Диабеттің компенсациясы жақсырақ болады Г) Глюкозаның деңгейі қалыпқа келеді Д) Кейбір асқынулардың қатері төмендейді Е) Кері әсері бар аурулардың көріністері азаяды Ж) Тағам таңдауда үлкен еркіндік З) Помпа қант деңгейін жақсы бақылауға мүмкіндік береді И)_____________________________________ 6. Сіз Диабет мектебінде қандай жиілікте сабақ аласыз? А) Бұл не? Б) Балам науқастанған кезде, бірінші рет ауруханада В) Жыл сайын балам ауруханада жатқан кезде Г) Ауруханада әрбір жарты жыл сайын Д) Тұрақты – айыны бірнеше рет Е) Алғашында тұрақты өтіп отыратынмын, содан кейін ешқандай жаңа нәрселер бермегеннен кейін бармайтын болдым Ж) Онсызда бәрін білемін И)_____________________________________ 7. Сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға ақпаратты қалай табасыз? А) Кітаптардан Б) Интернеттен В) Мамандардан Г) Мені ештеңе қызықтырмайды Д) Кезекті басылымдардан («Диалог» журналы) Е) Конференцияларға, көрмелерге барамын Ж) Бұқаралық ақпарат құралдарынан З) Маған керек нәрселердің барлығын білемін И) Басқа ата-аналармен сөйлесіп тұрамын К) Басқалар____________________________ 8. Сіз гликриленген гемоглобин деңгейін қандай жиілікте анықтайсыз?_________ 9. Гликриленген гемоглобин деңгейін анықтаудың соңғы нәтижесі қан-дай?______________________________________ 10. Қант диабетінің компенсациясы үшін не істейсіз? А) Инсулиндік емді қолданамын Б) Көмірсуларды санау арқылы диетаны сақтаймын В) Тұрақты дене шынықтырамын Г) _____________________________________ 11. Сіз тамақ ішуде инсулиннің дозасын қалай есептейсіз? А) Емдеуші дәрігерім берген арнайы кесте арқылы Б) Көмірсу мөлшерін есептеп, соған бай­ланысты инсулин мөлшерін саламын В) Эквиваленттер жүйесі бойынша Г) Нандық бірлік жүйесі бойынша Д) «Диабет-2000» бағдарламасын қолданамын Е) Көз мөлшермен Ж) Мүлдем есептемеймін З) Таразыны, өлшегіш құралдарды қолданамын И) Басқалар ____________________________ 12. Сіз қандағы қант деңгейі жоғары болғанда қандай шаралар қолданасыз? А) Ешқандай Б) Бірнеше бірлікті қосымша инсулин жасаймын В) Қант деңгейі қалыпқа келетіндей мөлшердегі инсулин бірлігін жасамын Г) Басқалар_____________________________ 13. Сіз балаңызда инсулиннің бір бірлігі қандағы қанттың қанша мөлшерін төмен­де­те­тінін білесіз бе? А) Иә, қант деңгейін қалыпқа келтіруде осы білімді қолданамын Б) Жоқ В) Басқалар____________________________ 14. Сіздің балаңызда қант диабетінің асқынулары бар ма? А) Жоқ Б) Бар В) Бар және басқада аурулар 15. 14Б кезінде: Қандай асқынулар? А) полинейропатия Б) энцефалопатия В) нефропатия Г) ретинопатия Д)_____________________________________ 16. Сіздің көбірек помпа туралы және соның көмегі арқылы қант диабетінің компенсациясы туралы ақпарат алуға бос уақытыңыз болады ма? А) Иә Б) Жоқ В) Басқалар____________________________ Ынтымақтастығыңызға алғысымызды білдіреміз! Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2010 жылғы 28 жел­тоқ­сан­да Нормативтік құқықтық кесімдерді мем­лекеттік тіркеудің тізіліміне №6707 болып енгізілді.