• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №54

343 рет
көрсетілді

2011  жылғы 31 қаңтар,  Астана, Үкімет үйі Электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру қағидасын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 57) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі         К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 54 қаулысымен  бекітілген Электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру  қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Электрондық сатып алу жүйесінің жұмыстарын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен қадамдастыру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер мен оларды өндірушілердің тізілімі жұмысымен жер қойнауын пайдаланушы пайдаланатын Интернет желісінің қазақстандық сегмент желісінде орналасқан электрондық сатып алу жүйелерінің жұмысын қадамдастыру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағида: 1) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндiру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға; 2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес сатып алатын жер қойнауын пайдаланушыларға; 3) акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдинг иеленетiн жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға; 4) тек жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін пайдаланылатын жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты болмайды. 3. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) өтініш беруші – электрондық сатып алу жүйесінің иесі және (немесе) меншік иесі болып табылатын және электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тізілімімен (бұдан әрі – Тізілім) ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға; 2) сервис – белгілі бір қисынды іске асыратын және электрондық хабар беруге негізделген интерфейстер арқылы желілік өзара іс-қимыл үшін қол жетімді операциялар жиынтығы; 3) уәкілетті орган – индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган. 4. Электрондық сатып алу жүйесінің жұмыстарын Тізілім жұмысымен қадамдастыру (бұдан әрі – қадамдастыру) деп электрондық сатып алу жүйелерінен ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы сатып алуды жүргізу туралы хабарламаларды, конкурстық өтінімдерді ашу хаттамаларын, конкурсқа қатысуға рұқсат, қорытындылауды Тізілімге беру түсініледі. 5. Электрондық сатып алу жүйелерінің Тізіліммен ақпараттық өзара іс-қимылын өнеркәсіптік пайдалануға беруді мұнай және газ, ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік органдармен бірге жүргізілген қабылдау сынақтарының оң нәтижесі негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады. 6. Электрондық сатып алу жүйелерін Тізіліммен ақпараттық өзара іс-қимылды өнеркәсіптік пайдалануға беру бойынша іс-шараларды жүргізу үшін уәкілетті орган құрамына уәкілетті органның мұнай және газ бен ақпараттандыру саласындағы және уәкілетті органдардың өкілдері кіретін жұмыс тобын құрады. 2. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру тәртібі 7. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруға өтінім беру және қарау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: өтінім беруші осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға электронды сатып алу жүйесінің жұмыс істеуі үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың тізбесін, олардың техникалық сипаттамаларын көрсете отырып өтінім береді; уәкілетті орган өтінімдерді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінімдердің және өтінімге қоса берілетін құжаттардың осы Қағидада белгіленген нысан мен жинақтыққа қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады; өтінім сәйкес келмеген жағдайда, өтінім берушіге қайтару себептері көрсетіліп, жоғарыда көрсетілген мерзімі ішінде қайтарылады. өтінімдер мен қоса берілген құжаттар осы Қағидада белгіленген нысан мен жинақтыққа қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган өтінімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінім берушіге тиісті хабарламаны жібереді. 8. Тиісті хабарламаның негізінде өтінім беруші уәкілетті органмен бірлесіп ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру бойынша өзіне Тізілімінің жағында және электрондық сатып алу жүйесі жағында тиісті сервистерді әзірлеу және жариялауды қосатын жұмыстарды жүргізеді. Тізілімімен электрондық сатып алу жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін уәкілетті орган кеңесшілері және (немесе) сарапшылары ретінде басқа ұйымдарды тарта алады. 9. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру жөніндегі шығыстарды ақпараттық іс-қимылды іске асыруға бастамашы болған өтінім беруші және (немесе) өтінім берушінің электрондық сатып алу жүйесін пайдаланатын тапсырыс беруші төлейді. 10. Ақпараттық өзара іс-қимыл үдерісінде мынадай ақпарат (бұдан әрі – ақпарат) Тізілімге міндетті түрде беруге жатады: 1) сатып алуды жүргізу туралы хабарландырулар; 2) конкурстық өтінімдерді ашу хаттамалары; 3) конкурсқа қатысуға рұқсаттама хаттамалары; 4) қорытындыларын шығару хаттамалары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу тәртібіне (бұдан әрі – Тізілім арқылы тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді сатып алу тәртібі) сәйкес нысан бойынша және мерзімде ақпарат жіберіледі. 11. Ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру үшін, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісілетін осы Қағиданың 10-тармағында көрсетілген ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидасын уәкілетті орган бекітеді. 12. Уәкілетті орган өтінім берушімен бірлесіп ақпараттық өзара іс-қимылды өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін мынадай іс-шараларды өткізеді: уәкілетті ұйымның стендінде ақпараттық өзара іс-қимыл сынақтарын жүргізу; ақпараттық өзара іс-қимылдың тәжірибелік пайдалануын он жұмыс күні ішінде жүргізу; ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде әзірленген сервистерді пысықтау қажеттілігі кезінде тәжірибелік пайдалану нәтижелеріне талдау жүргізу; өнеркәсіптік режимде қосылатын сервиске ақпараттық сауалдардың қарқындылығын бағалау, жүктемелік тестілеу; ақпараттық өзара іс-қимылға алдын ала сынақтар жүргізу. 13. Ақпараттық өзара іс-қимылды өнеркәсіптік пайдалануға енгізу үшін мынадай іс-шаралар өткізіледі: ақпараттық өзара іс-қимылға алдын ала сынақтардың оң нәтижелері болған жағдайда уәкілетті орган алдын ала сынақтар жүргізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс тобын шақырады және ақпараттық өзара іс-қимылға қабылдау сынағын өткізеді. Қабылдау сынақтарының нәтижелері хаттама түрінде ресімделеді. Хаттама үш данада жасалады (уәкілетті орган, жұмыс тобы мен өтініш беруші үшін бір-бірден). қабылдау сынақтарының оң нәтижелері болған жағдайда уәкілетті орган қабылдау сынақтары жүргізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпараттық өзара іс-қимылды өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы акт жасайды. Акт екі данада жасалады (уәкілетті орган мен өтініш беруші үшін бір-бірден). 14. Ақпараттық өзара іс-қимыл өнеркәсіптік пайдалануға енгізілгеннен кейін өтінім беруші ақпараттық өзара іс-қимылдың жұмыс істеу шарттарының өзгермеуін қамтамасыз етеді. 15. Тізілім арқылы тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді сатып алу тәртібіне беру мерзіміне және ақпараттық берілетін құрамына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізетін жағдайда, уәкілетті орган ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидаларына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Ақпаратқа қол жеткізу және беру қағидаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда ақпараттық өзара іс-қимыл осы Қағидада белгіленген рәсімдерді қайта өткізгеннен кейін және өтініш беруші қабылдау сынақтары қорытындыларының хаттамасын алғаннан кейін қайта басталады. 16. Егер осы Қағиданың 15-тармағында көзделген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда ақпараттық өзара іс-қимыл қайта басталатын күнге дейін жер қойнауын пайдаланушылар, жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті тұлғалары, сондай-ақ олардың мердігерлері жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды Тізілімді міндетті түрде пайдаланумен жүзеге асырады. 17. Тізілім және жұмысы Тізілім жұмысымен қадамдастырылған, Интернет желісінің қазақстандық сегментінде орналасқан электрондық сатып алудың өзге жүйелері осы Қағиданың 16-тармағында көзделген өзгерістер және (немесе) толықтырулар күшіне енгенге дейін қолданыстағы Тізілім арқылы тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес жарияланған сатып алу аяқталғанға дейін осы Қағиданың 15-тармағында көзделген өзгерістер және (немесе) толықтырулар күшіне енгенге дейін қолданыстағы ақпараттық өзара іс-қимылдың өзгермеуін қамтамасыз етуі тиіс. Электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен қадамдастыру қағидасына қосымша Кімге__________________________________ (уәкілетті органның атауы) Ж ер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бар электрондық сатып алу жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылын іске асыруға ӨТІНІМ ________________________________________________________________________ (өтініш берушінің атауы, өтінім берушінің Т.А.Ә.) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бар __________________________________________________________________________ (электрондық сатып алу жүйесінің атауы) ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыруға дайындығы туралы мәлімдейді. 1. Электрондық сатып алу жүйесіне Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібіне сәйкес мыналарды пайдаланады: __________________________________________________________________________ (тапсырыс берушінің (лердің) атауы және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың деректемелері) 2. Электрондық сатып алу жүйесі жөніндегі құжаттама __ парақта қоса беріледі. 3. ________________________________________________________________________ (өтінім берушінің атауы, өтінім берушінің Т.А.Ә.) қажет құжаттарды беруге және ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізуге дайын. ____________________________ (қолы) М.О. 20___ ж. «__» ________