• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
20 Қаңтар, 2017

Жетістікке жетудің кілті – адалдық пен ұқыптылық

564 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед партияның құрылымдық бөлімдері және облыстық филиалдарының басшыларымен кеңейтілген жиналыс өткізді. Онда Төрағаның бірінші орынбасары партияның 2016 жылғы жұмысын қорытындылап, алдағы жоспардың басым бағыттарын нақтылады. Өткен жылы «Нұр Отан» партиясы жұмыс пішімін жаңғыртып, көптеген игі істерге мұрындық болды. Біріншіден, партияның бақы­лау-тексеру қызметі айтарлықтай күшейді. Атап айтқанда, партия Төрағасы, Мемлекет басшы­сының тапсырмасымен еліміз бойын­ша «Нұрлы жол» ауқымды инфра­құрылымдық жобасымен қатар, басқа да маңызды мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыруды бақылайтын арнайы комиссиялар құрылды. Нәтижесінде бірқатар мәселелерді уақытында анықтап, оларды тез әрі тиімді шешуге мүмкіндік туды. Өз кезегінде бұл Елбасы тапсырмаларының сапалы орындалуына жағдай жасады. Жиын барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұрлы жол» бағ­дарламасының жүзеге асырылуын бақылап, партиялық мониторинг жасау партия Төрағасының тікелей тапсырмасы екенін атап өтті. «Сол себепті, партия аймақтық филиалдарының басшыларына аталған бағдарламаның орындалу барысына партиялық бақы­лауды күшейтуді тапсырамын. Бағ­дарламаның уақтылы әрі сапалы жүзеге асуына кедергі келтіретін олқылықтарға ерекше мән беру керек», – деді партия Төрағасының бірінші орынбасары. Екіншіден, «Нұр Отан» пар­тиясы Ұлттық бірыңғай тесті­леудің межелік деңгейінен өте алмаған немесе аталған сынаққа мүл­дем қатыспаған мектеп түлек­теріне қолдау көрсету бойынша Президент тапсырмасын сәтті орындады. Еліміз бойынша тестілеуге қатыспаған 54 мың түлек анықталып, олардың әрқай­сысына партия тарапынан көмек көрсетілді. Мәселен, 9 мыңы жұ­мыс­қа орналастырылса, қалған­дары жоғары оқу орындары мен кәсіп­тік-техникалық білім беру мекемелеріне оқуға түсті. Бұл жөнінде «Нұр Отан» пар­тия­сы Төрағасының бірінші орын­ба­сары: «Бүгінде жұмысқа орна­ласу немесе оқуға түсуге бай­ла­ныс­­ты мектеп түлектеріне қатыс­ты мә­­се­лелер толығымен шешілді», – деді. Үшіншіден, арнайы «жедел желі» мен интернет сайтының ар­қасында партия қоғамдық қа­был­дауының қызмет аясы кеңейіп, маңызы арта түсті. Өткен 2016 жылы 226 мыңнан астам қазақ­стан­дық «Нұр Отаннан» көмек сұра­ған. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен са­лыстырғанда, айтарлықтай артық. Мұхтар Құл-Мұхаммед партиядан көмек сұрап келгендер санының өсуі оның халық ара­сындағы беделінің артқанын біл­ді­ретінін айта келіп: «Көбінесе халық амалы таусылып, барар жер, басар тауы қалмаған кезде «Нұр Отанға» келеді. Сондықтан біздің мін­детіміз – көмек сұрап келген әр азаматқа мейлінше қолдау көр­сету», – деді. Төртіншіден, «Нұр Отан» партиясы Мемлекет басшысының тапсырмасымен ешқандай баламасы жоқ NURINTECH республикалық инновациялық байқауын өткізді. Оның басты мақсаты – жас ұрпақ арасындағы ғылыми ізденістің дамуына тың серпін беру. Соған орай әрі қарай жетілдіру үшін жыл сайын еліміздің әр түкпірінен жас ғалымдар мен өнертапқыштардың жобалары іріктеп алынады. Өткен жылдың соңында NURINTECH-тің финалына шыққан алғашқы 20 жас өнертапқышқа сыйлықтар тапсырылды. Бесіншіден, аз қамтылған отбасыларынан шыққан талантты және болашағы зор жастардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатында Президенттің тапсырмасымен партия «Нұр Арман» бірегей жобасын қолға алды. Қазірдің өзінде жоба арқылы 9 жас өрен Ұлыбритания, Қытай, Малайзия және Ресейде білім алуға мүмкіндік беретін қайырымдылық грантына ие болды. Алтыншыдан, іс-шаралардың желілік кестесі негізінде партия орталық пен аймақтардағы өз қызметіне қысқа және ұзақ мер­зім­ді жоспарлау жүйесін енгізді. Нәти­жесінде қолда бар ресурстар­ды нақты бөлуге, белгі­лі бір басым­дықтар бойынша жұ­мысты тиімді жүргізуге және бар­лық деңгейдегі партия қыз­мет­керлерінің жұмыс нәти­желеріне қатаң бақылау жасау­ға мүмкіндік туды. Жетіншіден, ақпа­раттық-тал­дамалық және түсін­діру жұ­мыстары жандана түсті. Оған мысал ретінде был­тыр ашылған Саяси талдау жә­не стратегиялық зерттеу орталы­ғын, партияның жаңадан іске қосылған веб-сайтын, БАҚ, интернет кеңістігі және әлеуметтік желілермен жұмыс сапасының жақсаруын айтуға болады. Ал 2017 жылғы басым бағыт­тар­ға келер болсақ, «Нұр Отан» пар­тиясы Төрағасының бірінші орын­басары жиналыста алдағы тапсырмалар мен міндеттердің ауқымы айтарлықтай кеңейгенін айтты. Одан бөлек, Мұхтар Құл-Мұхаммед ерекше маңызға ие аталған мәселелермен қатар, «Нұр­лы жер» тұрғын үй құрылысы пре­зиденттік бағдарламасын, агро­өндірістік кешенді дамыту бағдарламасын, сондай-ақ, азық-түлікпен қамтамасыз ету және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын халық арасында кең көлемде талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, партия өкілдері «Нұр Отанның» сайлау­алды бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылап, жүйелі мониторинг жасауға міндетті. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партия­сы Төрағасының бірінші орынбасары: «Мемлекет басшысы өңір­лердің толыққанды дамуына қа­жетті бар­лық жағдайды жасады. Ауқымы кең мемлекеттік бағдар­ламалар қолға алынды. Оларды жүзеге асыру үшін миллиард­таған қаражат бөлінуде. Өте үлкен көлемде шетелдік инвестиция­лар тартылуда. Ендігі біздің бас­ты міндетіміз – Президент тапсыр­масы мен мемлекеттік бағдарла­малардың жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алу», – деді. Жиынды қорытындылай келе, Мұхтар Құл-Мұхаммед 2017 жы­лы «Нұр Отан» партиясына 18 жыл толатынын тілге тиек етті. Осы уақыт аралығында партия өз қатары­на Елбасының ең сенімді жақтас­тары мен серіктерін топтасты­рып, беделді, мүшесі көп және шын мәніндегі Қазақстанның бүкіл­ха­лықтық саяси күшіне айналды. Сөзінің соңында партия Төра­­ға­­сының бірінші орынбасары: «Партия мүшелері үшін маңы­зы жоғары осынау жылда біз ор­тақ Отанымыз – Қазақстан Рес­пуб­­ликасының кемел келешегі үшін Мемлекет басшысының бар­лық тапсырмасын 100 пайыз­ға орындауға міндеттіміз. Прези­дент еліміздің алдына жауапты да күрделі міндеттерді қойды. Егер әр­қайсымыз өзімізге тиісті жұмысты адал әрі ұқыпты істесек, міндетті түрде жетістікке жетеміз және «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген мақсат-мұраттарды жүзеге асырамыз», – деді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»