• RUB:
    5.05
  • USD:
    489.06
  • EUR:
    536.21
Басты сайтқа өту
22 Қаңтар, 2017

Димаш Құдайберген Қытайдағы əн байқауының бірінші кезеңінен өтті

568 рет
көрсетілді

Димаш Құдайберген Қытайдағы «Singer-2017» ән байқауының бірінші кезеңінде француздардың «SOS d'un terrien en détresse» әнін орындап, қытайлық көрермендерді тәнті етті. "Осыған орай Қытай басылымдары Димаш Құдайберген туралы жазып жатыр", дейді əншінің менеджері Алпамыс Шəрімов. Оның айтуынша, əлеуметтік желі қолданушылары "Қытай қазақ баласына таң қалды", деп жазуда. Бір айта кетерлігі, 14 кезеңнен тұратын байқаудың ұйымдастырушылары Димашты конкурсқа өздері шақырған екен. Бірінші кезең барысында байқаудың қатысушылары, Қытайға танымал әншілер де өз таңданыстарын жасыра алмады. Қытайдың Sina Weibo (Твиттердің баламасы) әлеуметтік микроблогына жазылушылардың саны 35 мыңнан бір сағатта 118 мыңға жетті. Бір айта кетерлігі, тек халықаралық жүлде алған танымал əншілер қатысатын байқау Қытайдың Чанша қаласында өтуде. Димаштың менеджерінің айтуынша, əнші осы байқау үшін имиджін де өзгерткен. Ал əн байқауының екінші кезеңі келесі сенбі күні өтеді.