Республикамыздың зейнетақымен қамту туралы заңында 5 және одан да көп бала туып, балаларын 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдерді жеңілдік шартпен 53 жасында зейнеткерлікке шығару көзделсе, ал асырап алған балалардың туған балалар санатына алынбайтындығы қарастырылған. Бұл әйелдердің де, балалардың да моральдық және материалдық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр.
Жетімханаларда жетім балаларды өсіруге, тәрбиелеуге мемлекет тарапынан жылына әр балаға орта есеппен 650-700 мың теңге жұмсалатынын ескерсек, асырап алған балаларын әйелдердің туған балалары санатына қоспауымыз әділетсіздік деп есептеймін.
Келешекте осы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі тиіс деп есептеймін. Аталған мәселеге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіністік танытады деп сенемін.
Өстемір БЕКТӨРЕЕВ, Мәжіліс депутаты.