• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2017

Басты бағдар – ашықтық пен айқындық

407 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрлігінде осы орган қызметінің мәселесі жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына кеңес мүшелері, Ішкі істер министрлігінің басшылығы мен салалық қызмет жетекшілері қатысты. Аталған Қоғамдық кеңестің отырысында консультативтік-кеңестік органның өткен жылғы атқарған жұмыс нәтижелері және 2017 жылдарға арналған жоспары талқыланды. Бұл орайда Кеңестің төрағасы, профессор Марат Қоғамов бұдан былай тұрақты екі комиссияның белсенді жұмыс істейтінін хабарлады. Кеңестің жанынан құрылған бұл комиссиялар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, міндеттеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілердің жобасын қарастыратын заң шығарушылық пен полиция жұмысының айқындылығын қамтамасыз ететін мәселелерді және азаматтардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады. Бұл бағытта аталған Қо­ғам­дық кеңес өткен жылы сегіз отырыс пен үш қоғамдық тыңдау өт­кізді, онда нормативтік құжат­тамаларды әзірлеу бойынша өзекті мәселелер қарастырылды. Кеңес 140 заң жобасын, Үкі­мет­тің қаулысын, ІІМ-нің келі­сім­­дері мен бұйрықтарын, азаматтардың құқықтарына, бос­тан­дықтары мен міндеттеріне қатысты басқа да нормативтік-құқықтық актілердің қамтамасыз етілуін, сондай-ақ, 40 азаматтың өтінішін қарап, нәтижесін саралады. Оның қорытындысы бойынша, министрліктің қыз­меттеріне тиісті ұсынымдар берілді, олардың басым бөлігі іске асырылды, қалғандарының орындалуы бақылауға алынды. М.Қоғамовтың айтуына қарағанда, Қоғамдық кеңес мү­шелері Парламентке, мем­лекет­тік органдар мен өңірлерде өте­тін ғылыми-практикалық кон­­фе­ренцияға, дөңгелек үстел жұмыс­тарына, қоғамдық кездесулерге, көшпелі отырыстарға қатыс­қан көрінеді. Жиын барысында Ішкі істер министрі Қ.Қасымов сөз алып, Кеңестің төрағасы мен мү­шелеріне алғыс білдіріп, оның қо­ғамдық маңызды мәселелер аясында және ішкі істер органдары қызметінің ашықтығын қам­тамасыз ету мәселелері бойынша белсенді атқарылған жұмысты атап өтті. Сонымен қатар, отырыс барысында ІІМ-нің комитет және департамент басшыларының Қо­ғамдық кеңестің тұрақты комис­сиясының ұсынымдарын іске асыру және ішкі істер органдары қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша есебі тыңдалды. Сөйтіп, талқылау барысында Кеңестің биылға арналған жұмыс жоспарында айқындалғандай, қоғамдық тыңдауларды өткізу үшін жұмыс топтарын бекіту мәселесі қаралды. Осы орайда «Азаматтар және полиция: се­німге негізделген өзара іс-қи­мыл», «Жиналыс, митингтер, де­монстрациялар мен шерулер», «Қазақстан полициясына – 25 жыл: қалыптасуы, дамуы, озық тәжірибесі, тиімділік проб­лемалары» тағы басқа да тақы­рып­тарға мән беру көзделді. Отырыстың қорытындысы бойынша, Қоғамдық кеңес мү­ше­леріне, сондай-ақ, министр­ліктің қызмет басшыларына осында қаралған мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»