• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
14 Ақпан, 2017

Озық технология – біліктілік бастауы

350 рет
көрсетілді

Жақында Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауы талқыланды. «Бұл – әрбір адамға ар­нал­ған стратегиялық құжат. Сон­дықтан, әр адам өзіне «Мен Жолдауды жүзеге асыру үшін не істедім?» деген сұрақ қоюы керек. Биылғы Жол­даудың ерекшелігі – бар­лық басымдықтардың заманауи білім беру деңгейімен анық­та­латынында, сондықтан, сіз бен біз бұған тікелей қаты­самыз. Президентіміз бізге үлкен сенім артты. Қазір елімізде 20 Назарбаев мек­тебі бар. Ал жалпы республи­камызда 7000-нан аса мектеп қыз­мет етуде. Біз олардың бар­лығына білім беру жүйе­сіндегі реформаларды түсін­діруіміз керек. Тура және ауыс­палы мағынада да айт­сақ, ескі оқулықтармен оқы­ту жеткіліксіз екенін ұғын­дыруымыз қажет. Қа­зақ­­стан цифрлы режімге ауысып жатыр, үштілділік – заман талабы, еңбек нарығында үлкен өзгерістер орын алды. Білім­­нің көзі тек мектеп емес, еліміздің алға басуы IT сала­­сының дамуымен анық­та­луда, мұның барлығы ХХІ ға­­сыр­дың ақиқаты, деп атап өтті Назарбаев зият­­кер­лік мек­тептерінің басқарма төрайымы Күләш Шәмши­динова. Елбасы Жолдауын елі­міз­дің барлық қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мек­теп­тері талқылап, отандық бі­лім беру жүйесін жаңғыр­туға қатысты нақты ұсы­ныс­тар ортаға салынуда. Ин­форматика пәні мұғалімдері «Цифр­лық Қазақстан» мемле­кеттік бағдар­ламасын қолдай отырып, оны жүзеге асыру жолында жұ­мыс жасауда. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»