Мәжіліске ЮНИСЕФ-тің Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік директоры Афшан Хан келді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
Депутаттармен жүздесу барысында балалар құқығын қорғау, сонымен бірге ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен балаларға арналған заңнамалар жайында әңгіме қозғалды.
Жүздесуге қатысушылар өзекті тақырыпты талқылай келе, аталған саладағы заңнамаларды жетілдіру және екіжақты үндесе түсу қажеттілігін атап өтті.
Кездесуге қазақстандық парламентшілер Бейбіт Мамраев, Светлана Бычкова, Снежанна Имашева, Айгүл Нұркина, Жәмила Нұрманбетова, Жанат Омарбекова қатысты.
Мәжіліске мейманмен бірге ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Юрий Оксамитный, аталған Өкілдік басшысының орынбасары Фиакра Макаси, ЮНИСЕФ-тің білім беру және балалар құқығын қорғау бағдарламаларының үйлестірушісі Татьяна Адерихина келді.