• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
06 Наурыз, 2017

Альварес үшін Головкинмен жекпе-жек қаржы жағынан тиімді болмақ – промоутер

191 рет
көрсетілді

Промоутер Том Леффлер мексикалық Сауль «Канело» Альварес (48-1-1, 34 КО) үшін  орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головикинмен (36-0, 33 КО) жекпе-жегі қаржы жағынан тиімді екендігін мәлімдеді. «Бұл бокс кеші ұйымдастырылар болса, «Канело» кіші Флойд Мэйуезермен өткен айқасына қарағанда көбірек ақша табар еді», – деді Леффлер HBO Boxing Podcast эфирінде. Айта кетейік, мексикалық боксшы кіші Флойдпен 2013 жылдың қыркүйек айында жекпе-жек өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалған. Forbes басылымының мәліметі бойынша осы ұрысы үшін мексикалық боксшы бес миллион доллар сыйақы алған. Бұған дейін Головкиннің промоутері Леффлер «Канелоның» өкілдерімен жекпе-жек өткізу жөніндегі келіссөздері ортақ ымыраға келгенін мәлімдеген. Бокс кеші осы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін. «Алдымен, Геннадий Джейкобсты, ал Альварес кіші Чавесті міндетті түрде жеңуі қажет», – деді промоутер. Сауль Альварес 6 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен 164,5 фунт салмақта жұдырықтасады. Осыған дейін ол Головкинмен 160 фунтта шаршы алаңға шығудан бас тартқан болатын. Ал қазақстандық боксшы 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында америкалық Дэнниел Джейкобспен (32-1, 29 КО) қолғап түйістіреді.