• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 20 Наурыз, 2017

Сондерспен Қазақстанда жекпе-жек өткізгім келеді ­- Головкин

260 рет
көрсетілді

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) британ боксшысы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.

Осыған дейін қос боксшының арасындағы жекпе-жек 17 маусым күні EXPO-2017 көрмесінің аясында Астанада өтетіні хабарланған. Геннадийдің абсолютті чемпион болуы үшін тек WBO белбеуі ғана жетпейді. Ол Билли Джо Сондерске тиесілі. Жақында екі тарап жекпе-жек жөнінде келіссөздер өткізеді.

«Орта дивизиондағы барлық белбеулерге ие болуды армандаймын. Осы мақсатыма жету үшін бір қадам ғана қалды. Сондерспен айқасым Қазақстанда өтеді деп үміттенемін», - деп жазады The Sun басылымы.

Айта кетейік, кеше GGG Нью-Йоркте америкалық Дэниел Джейкобспен күш сынасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін ол кіммен болса да жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Ал WBO чемпионы Геннадийдің кездесуін көрмегенін, бірақ онымен қолғап түйістіруге дайын екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар