• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Наурыз, 2017

Қо­быз­шы­ларға арналған бірінші элек­трон­ды оқулық шықты

216 рет
көрсетілді

Алматыдағы Қазақстан Республикасы Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Қоры­ның ғ­имаратында елімізде алғаш рет қо­быз­шы­ларға арналған бірінші элек­трон­ды оқулықтың тұсаукесері өтті. Жо­ба мә­­дениет және өнер саласындағы жас қай­­раткерлердің шығармашылық жо­ба­лар­ын іске асыруға грант алу үшін өт­­кі­­зілген конкурстың шеңберінде Қазақ­с­­тан Республикасы Тұңғыш Пре­зи­д­енті – Ел­ба­сы Қорының қол­дауы­мен жа­рыққа шы­қты.

«KOBYZBOOK» – қобызшыларға арналған мобильді қосымша және веб-сайт. Оқу құралының электронды форматы оны интернет желісі арқылы әлемнің кез келген нүктесінен пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, ұялы телефоныңыз немесе компьютер арқылы жүктеп алып қолдана бересіз. Электронды оқулықта 180-нен астам қобызға арналған күйлердің, олардың пайда болуы туралы аңыздар және тарихы туралы аудио-нұсқалар жинақталған. Әрбір шығарманың нотасы, бейне және аудио-нұсқаларының аранжировкасы ұсынылған. «KOBYZBOOK» орта оқу орындарының оқушыларына және жоғары оқу орындарының шәкірттеріне, сондай-ақ, қобызға қызығушыларға арналған халық аспаптары бо­йынша әлемдегі бірінші оқулық.

Жоба авторы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыка өнері» кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» грантының иегері – Мақсат Медеубек.

Оның айтуынша, «KOBYZBOOK-тің» арқасында әрбір адам Қорқыт, Ықылас, Әбікей, Нышан, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев және т.б. талант иелерінің өмірі мен шығармашылығы жайындағы толық мағлұматпен таныса алады. Оқулықта қазіргі заманғы қобызшылардың есімдері де қамтылған. Аталған электрондық оқулық оқу жүйесін жақсартуға, «Мамандық», «Қылқобызшылар ансамблі», «Орындаушылық шеберлік», «Ұқсас аспаптарды зерттеу» пәндері бойынша әдістемелік материалдарды толықтыруға мүмкіндік береді.  Оқулық үш тілде яғни, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Тұсаукесер барысында «KOBYZBOOK» жобасының авторы аспаптың шығу тарихымен, оның мағынасы және мәнімен  таныстырып, қобызды әзірлеу технологиясы туралы әңгімеледі. «Электронды оқулығымыздың қоржыны қобызға қатысты тың деректермен және жаңалықтармен толыға бермек. Алдағы уақытта ұлттық өнеріміз бен мұрамызды насихаттайтын  аталмыш жобаның ауқымын кеңейту жоспарымызда бар», –  дейді Мақсат Медеубек.

Тұсаукесер соңы «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры гранттарының иегерлері мен халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттарының қатысуымен өткен концертке ұласты.

Арман ОКТЯБРЬ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар