• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Бокс 27 Наурыз, 2017

​Головкин кіммен жұдырықтасуы тиіс?

173 рет
көрсетілді

HBO телеарнасы туиттердегі ресми парақшасында Геннадий Головкиннің кіммен жұдырықтасу керектігі жөнінде оқырмандар арасында сауалнама жүргізді.

Головкиннің келесі қарсыласы ретінде HBO үш боксшыны ұсынды. Олар: мексикалық Сауль «Канело» Альварес, америкалық Дэниел Джейкобс (реванш) және ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс. Сондай-ақ, төртінші нұсқа ретінде оқырмандар өз таңдауларын жасап, пікір қалдырды.

Сауалнамаға барлығы 9 мыңнан астам жанкүйер қатысты. Қорытындысында 61%-ы Альвареске дауыс берсе, 24%-ы Джейкобспен реванш жекпе-жек өткізгенін қалайды екен. Ал 11%-ы орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерске таңдау жасады. Қалған 4%-ы өз нұсқаларын жазды.

Айта кетейік, Геннадий-Альварес айқасы жөнінде келіссөздер өткен жылдан бері жүргізіліп келеді. Мәліметтер бойынша бокс кеші осы жылдың қыркүйек айына жоспарланып отыр. Ал Г.Головкин Дэниел Джейкобспен 18 наурыз күні Нью-Йоркте күш сынасып, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жеткен болатын. Жекпе-жектен кейін GGG Дэниелмен реванш өткізуге дайын екендігін мәлімдеді. 

Ал Билли Джо Сондерспен маусым айында EXPO-2017 көрмесі аясында жұдырықтасатыны хабарланған. Қазіргі уақытта осы іс жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар