• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Наурыз, 2017

​Атырауда үгіт-насихат топтары құрылды

1096 рет
көрсетілді

Елбасы халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе қоғамның белсенді атсалысуына байланысты екенін айтқан еді. Осы мақсатта облыс орталығында ғана емес, аудандар мен ауылдарда да үгіт-насихат топтары құрылып жатыр.

ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов мұндай топ халыққа сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелері бойынша түсінік беріп, елмен тығыз қарым-қатынас орнатуды мақсат ететінін айтады. 

Үгіт-насихат тобы алғашқы жұмысын Мақат ауданынан бастады. Мақат, Доссор елді мекендеріндегі орталық алаңда, сауда орындарында, мектептерде және балабақшаларда қоғам дертіне қатысты радио хабарлау, жадынама тарату шаралары жүргізілді. Махамбет, Индер, Құрманғазы, Исатай, Жылыой аудандарында да бұл жұмыстар жалғасын тауып жатыр.

Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан»