• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
23 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы №122

378 рет
көрсетілді

А.Б.Мұхамбетовті Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Архимед Бегежанұлы  Мұхамбетов Ақтөбе облысының әкімі бо­лып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы 22 шілде.  

Архимед Бегежанұлы МҰХАМБЕТОВ

1972 жылы туған. Самара мемлекеттік техни­ка­лық университеті мен Қазақ-орыс халықаралық уни­верситетін бітірген. Мамандығы бойынша – ин­женер-элек­­трик, қаржы бакалавры. Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммер­ция­лық құ­рылымдарында бастаған. Ақтөбе облысы­ның сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқар­­­масының бастығы, «Шағын кә­сіп­керлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік директоры, Ақтөбе қала­сы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2008 жылғы қазаннан – Ақтөбе облысындағы Ақтөбе қаласының әкімі.