Талдықорған қаласындағы көркемөнер галереясында тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Астана қаласына арналған кәсіби суретшілердің көрмесі ашылды. Шығарма жанрлары да сан салалы. Дегенмен, әр туындыдан туған жер, өскен ортаға деген пәк сезім, тамылжыған Жетісу табиғаты, өткен мен бүгінгіні жалғаған алтын көпір тарих пен адам тағдыры да шынайы бейнеленген.
Мұндағы Қ.Шалабаева, Б.Ахметов, М.Әбділдаев, Е.Ахметов, А.Асқаров, Т.Бексұлтанов тәрізді суретшілердің алпыстан астам үздік туындысы көрерменнен өз бағасын алуда. Жалпы көрмені тамашалағандар қылқалам шеберлерінің ауыл көрінісі, жыл мезгілдері, жеке адам өмірі мен тағдырына байланысты суреттеріне жақсы баға беріп, еңбектеріне сәттілік тіледі.
Күмісжан БАЙЖАН,
Алматы облысы.