• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2017

Қор­ғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «IDEF-2017» көрмесіне қатысты

191 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Қор­ғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің делегациясы халық­аралық «IDEF-2017» қару-жарақ пен әскери техника көрмесіне барып қайтты, деп хабарлады осы ведомство­ның баспасөз қызметі.

Қазақстандық делегацияға Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Арман Рамазанов басшылық жасады. Көр­ме Ыстанбұл қаласында (Түркия) ұйым­дас­тырылды.

Аталған іс-шараның ұйымдас­тыру­шы­лары Қазақстан Республикасының Қор­ғаныс министрлігі мен Түрік Респуб­ликасының Қарулы күштер қоры болды.

Ал көрме Еуразия өңіріндегі ең ірілерінің бірі және қатысушы мемлекеттер мен халық­аралық компаниялар саны бойынша алғаш­қы бестікке кіреді.

Көрме барысында қазақстандық делегация ірі Түркия компанияларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді, олардың шеңберінде кеме құрастыру, авиациялық техниканы жөндеу және жаңалау, зымыран­дар мен басқа оқ-дәрілерді шығару мен жаңалау, сондай-ақ байланыс жүйесі үшін бірлескен электрониканы өндіру саласындағы жобаларды ілгерілету бойынша одан әрі жұмыс тәртібі белгіленді.

Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ пен «АСЕЛСАН» компания­лары арасында жеткізу және өндіру саласындағы меморандумға қол қойылды.