• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 17 Мамыр, 2017

«Қор­ғау­шы ма, қор­лаушы ма?» атты ма­қа­лаға прокуратурадан жауап келді

177 рет
көрсетілді

Газетіміздің 28 ақпандағы санында Қызылжар өңіріндегі тілшіміз Ө.Есқалидың «Қор­ғау­шы ма, қор­лаушы ма?» атты ма­қа­ласы жа­рия­ланған болатын. Оған Сол­түстік Қазақстан облысы про­ку­рорының орын­­баса­ры Арай Әлім­овтен төмен­де­­гідей жауап келді.

«Мақалада келтірілген деректерге орай мынаны хабарлаймыз: 2016 жылы М.Жұмабаев ауданын­да кәмелетке толмаған мектеп оқу­шы­сының суицидке бару фак­тісі не­гізінде Қылмыстық ко­декстің 105-бабының 3-бө­лі­мі бойынша/өзін өзі өлті­ру­ге дейін жеткізу/сотқа дей­інгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілген. Қылмыстық-про­цес­тік кодекстің 24-бабының та­­лабына сәй­кес, істі дұрыс ше­шу­ге қатысты мән-жайларды жан-жақты, толық зерт­теуде заң­­да көзделген барлық ша­ра­лар қол­данылған.

Кәмелет жасына толмаған бой­жет­кенді өзін өзі өлтіруге дейін жет­кізу дерегі анықталған жоқ.

Қылмыстық-процестік коде­кс­тің 35-ба­бы­ның 2-бөлімі бойынша қосымша дәлел­де­ме­лер жи­наудың бар­лық процессуалдық мүм­кінд­ік­тері қарастырылған.

Құқықтық бұзушылық құра­м­ның бол­мауына байланыс­ты қылмыстық іс өндірістен қысқ­а­р­тылған».