• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Қаңтар, 2017

Басты мақсат – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою

228 рет
көрсетілді

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде  осы ведомствоның Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Бақтияр Қамаловтың қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру» атты бірінші бағытын іске асыру барысы туралы брифинг өтті. Б.Қамалов Ұлт жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметті жаңғырту толық­қанды жүзеге асырылып жатқандығын ерекше атады. Оның сөзіне қара­ғанда, мемлекеттік қызметтің ме­ритократия және ашық кон­курс­тық іріктеу қағи­да­сына не­гіз­делген мансаптық мо­делі енгізілген. Тар­қа­тып айтқанда, ішкі конкурс қо­рытындысы бойын­ша жоғары лау­азымға 403 қыз­­­меткер лайық деп та­ныл­­ған. Жаңа модель ауысу тәртібіндегі конкурстық емес тағайындауды азайтуға мүм­­кіндік берген. Соның нә­тижесінде, 2015 жы­лы 1012  ауыстыру орын ал­са, ал 2016 жылы жергілікті ат­­қа­ру­шы органдарда 6 ауыс­тыру  жү­зе­ге асыпты. Ауыс­тыру мен ка­др­лық резерв институтының күшін жоюы нәтижесінде облыс­та­ғы мемлекеттік органдар кадр­­ла­рының тұрақтамауы ай­тар­лықтай азай­ған көрі­не­ді. Мысалы, өткен жылы жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының мемлекеттік қыз­мет­кер­ле­рінің таза ауы­сымы 247 адамды құраған. Облыс бойын­ша 3874 лауазымға конкурс жүргізілсе, соның ішінде 1721 лауазымға жалпы конкурс өткізілген. Сонда осы конкурс қорытындысы бойынша мем­­ле­кеттік қыз­мет­ке әр түрлі сала­­дан 1113 адам қабылданып отыр. Де­пар­та­мент бастама­сы бойын­­ша  облыстық  ішкі сая­сат басқармасымен бір­ле­сіп, аза­мат­­тардың қолай­лы­лығы үшін ыңғай­лы «Мемлекеттік қы­з­мет»  атты мобильдік қо­сым­ша­сы жасалып, қол­­да­ныс­қа енгізілгендігінен ха­бар­­дар ет­кен Б.Қамалов, бұл мо­биль­дік қосымша Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заңдарымен та­­ны­су­ға, сынамалық те­ст­і­леуден өтуге және мем­ле­кеттік қыз­метке түсу тәр­ті­бі туралы толық ақ­па­рат­пен танысуға мүм­кіндік бе­ре­­тіндігін де тілге тиек етті. Өткен жылдың қыр­күйек-қа­раша айлары аралығында аталған мо­бильдік қосымша 10 000-ға жуық қолда­ну­­шымен жүк­телгендігі белгілі бо­лып отыр. Сондай-ақ, Б.Қамалов Ұлт­ жоспарының 13­-­­қа­­­да­­­мын іске асы­ру ту­­ра­­­­лы айта келіп,  сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­­м­ыл туралы жаңа заң ал­дын алу технологияларын қолдануға мүм­кіндік бергендігін де алға тарт­ты. Атап көрсеткенде, ол сы­бай­­лас жемқорлыққа қарсы сау­ат­­тандыру, мониторинг жә­не сыбайлас жемқорлық тәу­е­кел­дерін талдаумен бай­ланыс­ты. Департамент та­рапынан мем­лек­ет­тік ме­кемелердің жұ­мысына 8 рет сыбайлас жем­қор­­лыққа қар­сы мониторинг жә­не 23 сыбайлас жемқорлық тәу­е­- кел­деріне сыртқы тал­дау жа­салған екен. Соның нәтижесінде 214 сыбай­лас жем­қорлық тәу­екелдері анық­та­лып, мем­лекеттік мекемелер басшыларына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы 303 ұсыным енгізілсе, соның 60 пайызы орындалыпты. Сонымен қатар, департа­ме­нт­ ба­сшысы мемлекеттік қыз­­мет­шілердің жұмыс немесе жұмыстан тыс кезіндегі мінез-құлықтарын   реттейтін Әдеп кодексін сақтау туралы да баяндап өтті. Бұл орайда Тәртіптік кеңестің 8 отырысы өткізіліп, 29 тәртіптік іс қаралған. Кеңес ұсынымдарына сәйкес 16 лауазымды тұлға тәртіптік жауап­кершілікке тартыл­са, оның ішінде 9-ы мем­лекеттік қыз­метке кір кел­тірген те­ріс қы­лық­тары және 7 адамның қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны анықталып отыр. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»