• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
07 Ақпан, 2017

Мұз айдынында – мықтылар

290 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде бәзбі­реулер өзінің қалтасынан ақша шығарып жатқандай, «осы Уни­версиада бізге керек пе, даңқ­ты спортшылары жоқ, қара­дүрсін өтіп жатыр» деп күйінеді. Мейлі, ауыз өзінікі ғой дейін десең, осындай арандатуға көптеген азаматтарымыз сеніп қалады. Универсиаданың тарихи оқиға екендігін, оған бүкіл дүние жүзі көз тігіп отыр­ғандығын, Қазақстанның мәртебесі асқақтап жатқандығын ескергісі келмейді. «Алматы Аренада» өткен мә­нерлеп сырғанауда жарысқа түскен саңлақтардың тізімін бір сүзіп өткенде, біздің қыздарға оңай болмайтынын түсіндік. Ресей біріншіліктерінде топ жарып жүрген Елена Родионова, Әлем чемпионы, Еуропа чемпионы Элизабет Тоқтамышеваны былай қойғанда, көк айдында жұлдыздай жарқыраған жапон, корей қыздарын қайда қоярсыз? Тіпті, олар екінші құраммен келгеннің өзінде ешкімге дес бермейді. Айтқандай, қысқа бағдарлама бойын­ша үздік шыққандар финалға өтті. Мұнда жинаған ұпайларына қарай төрт топ­қа бөлінеді. Біздің қыздар бірінші және екінші топқа түсті. Мықтылар үшінші мен төр­тіншіде. Мәселен, біздің Айза Мамбекова 42,41 ұпай жинаса, Элизабет Тоқтамышева 69,01, Елена Родионова 69,02 ұпайға қол жеткізді. Жапон қыздары Рио Нихая 61,90, Хинаго Исобо 59,60 ұпайға ие болды. Бұларға италиялық Роберто Родемероның өкшелеп келе жатқандығын ескерсек, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің осылардың арасынан іріктелетіндігі белгілі болып қалды. Әрине, бұл Универсиадаға біздің мәнерлеп сырғанаудағы үкілеген үмітіміз Элизабет Тұр­сынбаева жасы толма­ған­­дықтан қатыса алмады. Мем­ле­кетіміздің атын талай халық­аралық бәсекелерде көкке кө­терген қызылордалық қыздың есімін әкесі әлемдік киножұлдыз Элизабет Тей­лордың құрметіне қойған екен. Бұл Универсиадада есе жіберсек те, келесі Универсиадада Тұрсынбаеваның топ жарарына сендік. Ал бүгінгі жарысқа қатысқан қыздарымыз үшін шеберлердің өнері үлкен мектеп болары сөзсіз. Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ