• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Ақпан, 2017

Жаңа Жолдау – отандық агроөнеркәсіп дамуының негізі

332 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдар ұсынған кезекті Жолдауын республикалық басылымдар арқылы жария етті. «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдауда мемлекетіміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндеттері баяндалған. Еліміздің индустриялық-инно­вациялық дамуы, қаржы-инвестициялық саясат, білім беру, денсаулық сақ­тау, халық­ты әлеуметтік қор­ғау мәсе­ле­­лерін қа­м­­тыған биыл­ғы Жол­дауда цифр­лық тех­ноло­гия­ларға негіз­дел­ген бола­шағы зор бағыттарға жә­­не эконо­ми­­каның аграрлық сала­сына айрықша мән берілген. Бүгінде заман өзгерді, қоғам жаңарды. Дүние жүзі жаһан­дану үрдісін бастан өткеруде. Әлемде орын алып жат­қан алуан оқи­ға­л­ардан Қазақ­стан да шет қал­мақ емес. Сон­дық­тан, саяси, эко­­номи­калық ре­фор­маларға жа­­ңа қадам жасау – мемлекет бо­лаша­ғын қам­та­масыз ету еке­нін түсі­нуі­міз керек. Бұл ретте, Ел­басы Жол­дауы демок­ра­тия­­лық даму жолындағы тарихи ше­­шім болғанын ерекше атап өтуі­міз керек. Қазақ ұлттық аграрлық уни­вер­ситетінің ұжымы Елбасы Жол­дауын қолдап-қуаттай отырып, мақсаты айқын ма­ңыз­ды құ­жатта көрсетілген талап-мін­деттер бойынша жаңа ба­ғыт-бағ­дарын айқындауға мүм­кін­­діктер алуда. Елбасы­ның көр­­сетіп отырған нұсқау­лары мен нақты тапсырмалары елі­міз­дің құрылымдық рефор­ма­ларын одан әрі жүзеге асыру арқылы Қазақстан­­ның жаңа эконо­микалық сая­­­­­­сатын, ха­лық­тың ә­леу­­меттік-тұрмыс­­­­­тық жағ­дайын жақ­са­р­ту­ға ар­­­нал­ған­ын айқын бағам­дай аламыз. Осы­ған дейін де дағ­­­дарыс­тан шығу­дың кіл­тін тап­­қан Елбасы­ның арқа­­сын­да хал­­қы­­мыз кездескен қиын­дық­тар­ды еңсере білді. Тың идеялар мен ұтқыр ұсы­­­­ныстарды ортаға салатын әрбір жаңа Жолдау, ең алдымен, егемен еліміздің ертеңгі жар­қын болашағына бастар бас­ты бағыт. Биылғы Жолдаудың өзегі Қазақстанның Үшінші жаң­­ғыруына негізделгендіктен, қоғам­дағы әр салаға аса жауапты тап­сырмалар жүктел­ді. «Біз­дің көз алдымызда бо­лып жат­қан ұлы өзгерістер әрі тарихи сын-қатер, әрі ұлтқа берілген мүм­­кіндік» екенін басты назарға ал­ған Мемлекет басшысы бұл жо­лы да халықты толғандырып жүр­­ген түйткілді проблемаларға ба­сымдық бе­ріп, келелі мә­се­ле­лер­ге ерекше тоқталды. Болашақты бағамдаған Жол­­­даудың төртінші бөлімінде Елбасы «аграрлық сектор эко­но­миканың жаңа драйверіне ай­налуы керек» дей келе, Үкі­мет­ке ауыл шаруашылығын мей­лінше жандандыруға бай­ланыс­ты нақты 6 тапсырма берді. Бірін­ші – субсидияларды бөлу қағи­даларын қайта қарастырып, біртіндеп өнім­ді сақтандыруға көшу; екін­ші – бес жыл ішін­де 500 мыңнан астам жеке үй шаруа­шы­лық­тары мен шағын фер­мер­лер­ді коопе­ративтер­ге тартуға мүм­кін­дік беретін жағ­дай жасау; үшінші – өнімнің өң­деу са­пасын жақсартып, тауар­ларды сақтаудың, тасы­мал­дау­дың және өткізудің тиімді жүйе­сін құру; төртінші – еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмен­дету; бесінші – жерді пайдалану тиімділігін арт­тырып, суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңей­тіп, 2 миллион гектарға жеткізу; алтыншы – өндірісте сұранысқа ие аг­рар­лық ғылыми-зерттеу­лер­ге салы­натын инвестиция көлемін ұлғайту. Бұл ретте, Елбасы ауыл ша­руашылығын әрта­рап­тан­ды­рып, 2021 жылға қарай азық-тү­лік тауары экспортын 40%-ға кө­бейтуді тапсырды. Аталған күр­делі мәселелердің барлығы инно­вациялық технологиялар­ды енгізу арқылы бәсекеге қа­бі­летті ауыл шаруашылығын өр­кен­де­те­тін жаңа аграрлық саясатты да­мытудың тетіктері болып табы­лады. Бұл міндеттер «Қазақстан Рес­публикасының агроөнер­кә­сіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасы» аясын­да іске асырылмақ. Ауыл ша­руашылығын дамытудың жа­ңа бағдарламасында ғылым, біл­ім және өндірістің өзара бай­ла­ны­с­ын арттырып, отан­дық өн­ді­рістің қарқынды дамуына ба­рынша жағдай жасалмақ. Жолдауда айтылғандай, отан­­дық ауылшаруашылық тауар­­ларын өндірушілерге нақ­ты қолдау көрсету үшін жа­ңа қа­былданған «Ауылшаруа­шы­лық кооперативтері туралы» Заңға сүйене отырып ұсақ шаруашылықтарды iрi­лен­дiріп, кооперацияға бі­рік­­тіру көзделу­де. Бұл ретте ғылым, бiлiм, өндiрiс интеграция­сын күшей­ту арқылы ел эконо­ми­ка­сын инно­­вациялық бағыт­та өр­кен­дету қадамын жетiл­дiру басты қағидаға айналуда. Қазақ­­стан халқының 46 па­йыз­дай бөлігі ауылдық жерлерде тұратынын ескерсек, Елбасы Жолдауында айтылған аграрлық саланы барынша бүгінгі заманға бейімдеу барысы, негізінен, қарапайым шаруа адамына айтарлықтай қолдау болатыны белгілі. Аграрлық ғылым мен білім бүгінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімді дамуының не­гізгі шарттары екендігін Пре­зи­денттің Жолдауы тағы да дә­лелдеп отыр. Жаңаша си­пат­­­тағы биылғы Жолдау маз­­мұнын терең сезіне отырып, халықтың әлеуметтік жағ­дай­ын жақсарту, еліміздің кемел келешегін қамтамасыз ету Елбасы саясатының басты ба­ғы­ты екендігіне тағы да көз жет­кіздік. Жаңа Жолдауда ел эко­но­ми­­касының аграрлық секторына қатысты мәселелер кеңінен баян­далғандықтан, универси­тет ұжымы өзіне жүк­теліп отыр­ған міндеттерді жақсы түсініп отыр. Бүгінгі күні Қазақ­станның агро­өнер­кәсіп­тік кешенінің алдын­да экс­портқа бағдарланған, әлем­дік на­рықта бәсекеге қабілет­ті, са­палы азық-түлік өнім­дері өндірісін ұлғайту арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен эко­номикалық тәу­елсіздігін қам­та­масыз ету мін­деті тұр. Осы орайда, отандық ауыл шаруа­­шы­лығы білімі мен ғылы­­мы­­ның көш­басшысы сана­ла­тын оқу орнымыз ұлт­тық аграр­­­лық зерттеу универси­теті­нде транс­формация­лану үр­ді­сін жан­­дандыруда. Уни­вер­­си­тет ұжымы еліміздің агроөнер­кәсіп кешені­нің дамуы үшін заман талабы­на сай білікті маман­дарды даярлай отырып, агро­өнеркәсіп кеше­нінің бар­лық салаларына инно­ва­ция­лық тех­нологиялар­ды ен­гізуді, оларды өндірісте кеңі­нен пайдалануға жәрдем беру­ді өзінің басты мақ­саты деп санайды. Жолдау жүктеген міндет­тер оқу орнымыздың ғылыми әлеуе­тін бір орталыққа шо­ғыр­лан­дыр­ған, ТМД мен Орта­л­ық Азия­да теңдесі жоқ Агро­тех­­но­логиялық хаб жұмы­сы мен уни­верситетіміздің ұлт­тық зерт­теу университетіне транс­форма­ция­лану үрдісіне тың серпін бере­тіні сөзсіз. Халық­а­ралық талап­тарға сай құрыл­ған Агро­хаб жұмысы эконо­ми­каның аграр­лық секторындағы әлемдік үрдіс­тер мен аграрлық бизнестегі стартап жобаларын іске асыруға, ауыл шаруа­шы­лы­ғына арналған мар­кетинг­­ті тиімді үйлестіруге барын­ша жағдай туғызбақ. Жолдауда айқындалған бас­­ты бағыттар мен қойылған мін­­дет­тер Қазақстан халқын бел­сен­ді әрекеттерге жұмыл­ды­­рып, елі­міздің бәсекеге қабі­летті 30 мем­лекеттің қатары­нан кө­рі­нуі­не жаңа мүмкін­діктер ұсы­на­ты­нын айрықша атап өткеніміз жөн. Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА вице-президенті, академик