• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Маусым, 2017

Топ басында – текетірес

198 рет
көрсетілді

Өткен аптада Алматының «Қайраты» мерзімі өзгертілген 20-турдың ойынында «Аста­наны» ірі есеппен ойсырата ұтқан болатын.

Алайда, елорда клубы еңсе түсірмей, сенбі күні 15-тур аясында өткен матчта «Атырауды» 4:0 есебімен жеңді.  Сөйтіп, «теміржолшылар» «Қайратпен» арадағы екі ұпай айырмашылығын сақтап қалды. Бұл жерде «Астананың» бір ойын­ды кем өткізгенін де есеп­тен  шығармау керек. Қалай болған күнде де, чемпионаттағы текетірестің қайта оралғанын айту керек.  «Қайрат» бұл турда Қара­ғандының «Шахтерін» қа­был­дап, үш доп айырмасымен же­ңіске жетті. Бүгінгі күнде ал­матылық клуб қарсыластар қақпасына голды ең көп соққан команда ретінде көзге түсіп тұр. 17 ойында 39 гол – жаман көрсеткіш емес. Бұл екі көшбасшы клубтан «Ордабасы» да қалысар емес. Оңтүстікқазақстандықтар өткен турда «Тараздың» қақпасына жау­апсыз үш гол соғып, маңыз­ды үш ұпайды қанжығаға бай­лады.  Бұл турда турнир кестесінің орта тұсындағы командалар нә­ти­жесіз ойын көрсетті. Мәсе­лен, «Тобыл» мен «Қайсар» жә­не «Ер­тіс» пен «Оқжетпес» ара­­сын­дағы матчтарда есеп ашыл­ма­ды. Маусымның 10-ы күні Қа­зақ­стан Ұлттық құрамасы әлем чемпионатының іріктеу ке­зеңі аясында Дания коман­дасы­мен ойнайтындықтан, ел бірін­шілігінде бір апта үзіліс болады. Бұл турдағы тіркелген нә­ти­желер мынадай болды: «Тобыл» – «Қайсар» – 0:0 (0:0). «Астана» – «Атырау» – 4:0 (1:0), Кабананга, 22 (1:0). Граховац, 62 –пеналь­тиден (2:0). Твумаси, 66 (3:0). Кабананга, 73 (4:0). «Ор­дабасы» – «Тараз» – 3:0 (2:0), Тұң­ғышбаев, 5 (1:0). Нұр­ғалиев, 13 (2:0). Гогуа, 86 (3:0). «Ертіс» – «Оқ­жетпес» – 0:0 (0:0). «Қай­рат» – «Шахтер» – 4:1 (3:0), Гоу, 1 (1:0). Исламхан, 36 (2:0). Гоу, 38 (3:0). Тұрысбек, 82 (4:0). Стоянович, 86 (4:1). Сұрмергендер сайысы: Жерар Гоу («Қайрат») – 13, Жуниор Кабананга («Астана») – 11, Алек­сей Щеткин («То­был») – 8. Маусымның 18-і күні өтетін келесі турда командалар мынадай жұп құрап, өзара күш сынасады: «Қайрат» – «Тобыл», «Қай­­­сар» – «Ордабасы», «Та­­­раз» – «Ер­тіс», «Оқ­жет­пес» – «Ақ­жайық», «Ақ­­тө­­бе» – «Астана», «Шах­тер» – «Атырау».