• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Маусым, 2017

Мақсат – дәстүрлі дінді дәріптеу

226 рет
көрсетілді

Астана қаласында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халыққа есеп беру кездесуі өтті. Өзінің баяндамасында Н.Ермекбаев ведомствоның 2016 жылы атқарған жұмыстың негізгі нәтижелері туралы, сонымен қатар болашақта министрліктің алдына қойылған басты міндеттері туралы айтып берді.

«Министрліктің құрыл­ғанынан бас­тап біздің бар­лық күшіміз адамдардың өмірін жайлы және қауіпсіз, олардың құқықтары мен еркін­діктерін қамтамасыз етуге бағытталады. Біз жауап беретін салаларда мем­лекеттік сая­саттың әрбір қа­зақстандық үшін түсінік­ті және айқын болуына ты­рысу­да­мыз. Осы жұмыс­тағы бас­ты мақсат – азамат­тардың құқықтарын қамта­масыз ету, мемлекет пен азаматтық қоғам күштерін біріктіру, зайырлы және демо­кра­тиялық прин­цип­терді ны­ғайту» деп атап өтті министр.  Н.Ермекбаетың мәлі­ме­тінше, қазіргі таңда елімізде 18 конфессия жұмыс істей­ді. Олар 3 658 діни бір­лестікке біріккен. Қазақ­стан­дықтардың 15 пайызы діни рәсімдерді тұрақты орындайтындар. Азамат­тар­дың 75 пайызы Құдайға сенеді, бірақ тұрақ­ты түрде діни жораларды орындамайды және діни бірлестіктер қызметіне тартыл­маған. Азаматтардың шамамен 10 пайызы өздерін  атеист немесе агностик деп санайды.  Министр ведомство­ара­­лық өзара іс-қимылдың бір­қатар маңызды нәти­жесі ретінде ғибадат орын­дары­ның маңайында қауіпсіздіктің күшейтілгенін атап өтті. «Бұл жұмыстың нәтижесінде мешіттерде тәртіп бұзу үлесі бірден төмендеді. Сонымен қатар, діни материалдарды тарату арналарына тұрақты мониторинг жасау жолға қойылды. 2016 жылы тек біздің министрлік 10750  сайт­ты зерделеді. Оның ішінде 1500-ге жуық сайттардан заң­сыз контент табылып, олар заң тәртібімен жабылды. 2017 жылы мониторинг объек­тивіне 6 мыңнан астам сайт түсті. Оның ішінде 900-і заң­сыз контент таратқан» деді ол. Бұған қоса ол әлеуметтік желілерге, кітап, баспа өнімдеріне сараптама жүргізілгендігін тілге тиек етті. «2017 жылы 1,5 мыңнан астам объекті сараптамадан өтті. Оның ішінде 54 материал құқыққа қайшы контенті бар деп танылды. Сонымен қатар Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің барлық кітапхана қорына сараптама жүргізілді. Оның барысында 2017 жылы 13 кітап деструктивті мазмұнда деп табылды. Министрлік жұмысының тағы да бір маңызды нәтижесі – экстремизмнің алдын алу саласында Қайта даярлау институтын құруы. Ол министрліктің әдістемелік қолдауымен «Нұр Мүбәрак» университеті базасында жұмыс істейді. 2016 жылдың қазан айынан бастап осы институттан 40 имам мен теолог мамандар дайындықтан өтті», деді Н.Ермекбаев. Министрлік үкіметтік емес ұйым­дармен гранттар және мемлекеттік әлеу­меттік тапсырыс негізінде жобалық ынты­мақ­тастықты дамытуда. 2017 жылы гранттық қаржыландыру 3 есе артып, 650 млн теңгені құраған. Жылдың басында эксперт­тік комиссия 42 грантты берген. Барлығы 183 ұйымнан 320 өтініш  қарастырылған. «Біз 2016 жылы жоба­лар­дың тек қана республикалық деңгейде болуы жайлы үкімет­тік емес ұйымдардың сынын ескердік. Биыл грант­тардың үштен бір бөлігі өңір­лердегі жұмысты және жергі­лікті қауымдастықтың дамуын ескереді. Кейін бұл тен­денция ары қарай дами бере­тін болады», деді министр. Сөз соңында Дін істері және азаматтық қоғам ми­нистрі жүргізілген жұмыстар ми­нистрліктің 2016 жылға арналған стратегиялық жос­па­рының межеленген көр­сет­кіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік бергенін атап өтті. «Әлеуметтік зерттеулер Дін сала­сын­дағы мем­ле­кеттік саясатты халықтың қол­дау деңгейі 87 пайызды құ­рағанын, азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын жақ­сы бағалау 60 пайызға жетке­нін, мемлекеттік жастар сая­сатының іске асырылуына ризашылық білдіргендер 75 пайызды құрағанын көр­сетті», деді Н.Ермекбаев.