• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 29 Маусым, 2017

Сербия – сенімді дос

235 рет
көрсетілді

Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында Сербияның ұлттық күні өтті. Салтанатты шара дәстүр бойынша екі мемлекеттің әнұрандарының орындалуымен басталып, екі елдің тулары көкке көтерілді. Содан кейін Қазақстан мен Сербия делегацияларының өкілдері сөз сөйледі.

«Сербия – халықаралық аренадағы Қазақстанның сенімді досы. Біз осы достықты бағалай отырып, екі елдің ынтымақтастығын нығайтуға күш саламыз. Сербияның ұлттық күні мәде­ни қарым-қатынастарымызды күшей­­теді деп сенемін», деді жиында Ұлттық экономика вице-министрі Ернар Бакенов.

Сербия елшісі Влади­мир Матич өздерінің павильоны болашақтың энергиясына үңілуге мүмкіндік беретінін жеткізді. Ұлттық павильон төрт табиғи элемент арқылы қуат көздерінің соны жетістіктерін паш етеді. «Болашақ­тың энергиясы» – ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы – расында, бүгінгі әлем үшін өте өзекті. Бұл шара энергетика саласындағы иннова­циялық техно­логияның орталы­ғына айналатынына сенемін. Сербия павильоны көпшілікке дәстүрлі элементтер – су, ауа, жер және от мүмкін­діктерімен жарқын болашақ жасалатынына көз жеткізеді», деді Владимир Матич.

Бағдарламаның екінші бөлімінде Сербия туралы фильм көрсетілді. Сондай-ақ, сол елдің табиғи көркін паш еткен туындының тұсауы кесіліп, Сербияның туристік ұйым­дары­ның өкілдері сөз сөйледі. Жиын­ға қатысу­шылар 2008 жылы «Евро­ви­дение» байқауында елінің намысын қорғап, «Oro» әнімен алтыншы орын иеленген Елена Томашевич пен виолончельде ойнаған Елена Михайловичтің өнерін тамашалады. Сонымен қатар, «Иво Лола Рибар» академиялық мәде­ни-шығар­машылық бірлестік ұлттық билерін орындады.

Асхат Райқұл, «Егемен Қазақстан»