• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Шілде, 2017

Солтүстік Қазақстанда жол бойындағы қызмет сапасы қанағаттандырмайды – облыс әкімі

129 рет
көрсетілді

Аймақ басшысы  Құмар Ақсақалов төрағалық еткен  жиында облыстық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исмановтың есебі тыңдалды.

Бүгінде өңір аумағындағы жол бойында 142 нысан қызмет көрсетеді. Олардың 123-і республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан. Оған  жанар-жағармай құю бекеттері, техникалық қызмет көрсету стансалары, дәмханалар, қонақүйлер, тағы басқа обьектілер кіреді.

Ведомоство басшысының есебін тыңдап болғаннан кейін Құмар Іргебайұлы  жол бойындағы сервистік қызмет көрсету нысандарының бестен бірі ғана ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келетінін атап көрсетті.

«Петропавлдан Астанаға дейін тақтайдай жолдың тартылғанына қарамастан сервистік қызмет бұрынғы күйінде қалып отыр. Санитарлық-гигиеналық тазалықты айтпай-ақ қояйық, жөні түзу түстенетін, дамылдайтын нысандар жоқтың қасы», деді аймақ басшысы.

Қ. Ақсақалов шекаралық аймақтардың көркін қалай болса солай орнатылған вагон-үйшіктер қашырып тұрғанын, оларда қызмет көрсететін сақтандыру  мекемелерін жедел көшіруді, жағдайды тез арада түзетуді қатаң тапсырды.

Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»