• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
ЭКСПО-2017 29 Шілде, 2017

EXPO ғаламдық энергетикалық диалог орнатады – Ангола министрi

271 рет
көрсетілді

Бүгiн ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесi аясында Ангола Республикасының ұлттық күнi өтiп жатыр. Осыған орай сахна төрiнде Ангола музыканттары өнер көрсеттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Ангола Республикасының павильоны «Баршаға арналған энергия» деп аталады. Павильон бiздiң Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған маңызды әрi ауқымды тақырыпты толық ашады. Энергия адамзаттың өзектi проблемаларының бiрi болып қалып отыр. Әрi ол өмiрiмiздiң көптеген салаларына ықпал етедi», - деген Абаев Ангола мемлекетiне көрмеге қатысқаны үшiн алғыс айтып, сәттiлiк тiледi.

Ал Ангола Республикасының Экономика министрi Абрау Пиу Дос Сантос Горжел қазiргi заманды энергиясыз елестетуге келмейдi дейдi. Сондықтан, ол Астанада өтiп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесi бүкiл әлем халқын ғаламдық энергетикалық диалогқа әкеледi, деген пiкiр айтты.

Ангола өнерпаздарының концертiнен кейiн қонақтар Ангола мен Қазақстан павильондарын аралап шықты. Ал Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев Ангола Республикасы Экономика министрiнiң иығына шапан жапты.

Естерiңiзде болса, жуырда Дәурен Абаев министрлiкке келген әр қонақтың иығына шапан жабамын деп уәде берген болатын. Ол осылайша Голливуд жұлдызы Николас Кейджге қатысты сұраққа жауап берген едi.